Сұрақ-Жауап. Кеңес

Түрлі-түсті масканың адамға қандай қаупі бар - Дәрігер

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

Сеченовский университеті Склифосовский атындағы клиникалық медицина институты кафедрасының ассистенті, дәрігер-косметолог Елена Морозова түрлі-түсті бетперденің қаупі туралы ескертті деп жазады mskagency.ru.

 

"Мен көшеде қара түсті бетперде таққан адамдарды көп көремін. Оның құрамында тері ауруларын асқындыратын бояғыш зат бар. Тіпті пациенттердің өзі бұл маскалардың жағымсыз химиялық иісіне шағымданады", - деді ол.

 

Морозованың сөзінше, мұның бәрі дерматоз &ndash түрлі тері ауруларын қоздыруы мүмкін. Өйткені қара түсті бояғыш аллергия туғызады. Ал бетперде оның үстіне синтетикадан жасалса, оны мүлде пайдаланбаған дұрыс.

 

"Егер бұл мақта-матадан тігілген түрлі-түсті маска болса, онда әңгіме басқа. Ал қайда боялғаны белгісіз, суреттермен безендірілген синтетиканы қолдануға кеңес бермеймін", - деді медицина саласының маманы.

 

Ол матадан жасалған бетпердені үнемі ауыстырып немесе мұқият жуу керек екенін ескертті.

 

"Қазіргі уақытта балалардың көбісі түрлі-түсті маска тағады. Бұл жерде, ең алдымен, өндіруші мен сапаға назар аудару қажет. Егер бала бұндай масканы ауыстырмай және жумай ұзақ кисе, жасөспірімдердің бетіне безеу қаптауы ықтимал. Сондықтан міндетті түрде тазалыққа мән берген абзал", - деді Морозова.

 

kaz.nur.kz

 

 




Көрілген: 1485    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 13:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ
    12 Желтоқсан 2020
    НАҒЫЗ ЕРКЕК ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31