Сұрақ-Жауап. Кеңес

Түс көруге әсер ететін алты фактор

  • Түс көруге әсер ететін алты фактор

    Түс көруге әсер ететін алты фактор

Түс көрудің құпиясы адамзат баласы үшін әлі күнге ашылмаған жұмбақ. Бұл құбылысты дүние жүзінде көптеген ғалымдар зерттеген. Зерттеу нәтижесінде адамның ұйқы барысындағы қимыл-қозғалысы мен басқа да факторлар қандай түстерді көруге ықпал жасайтындығы анықталған. Сонымен, ғалымдардың дәлелінше, сіздің қандай түс көретіндігіңіз төмендегі мына алты факторға байланысты болмақ:

1.Етбетімен (ішімен жер бауырлап) жату түсіңізде эротикалық көріністерді көруге ықпал етеді. Зерттеушілер етбетімен жататын адамдар басқа формада ұйықтайтын адамдарға қарағанда эротикалық картиналарды көбірек көретіндігін дәлелдеген. Мұны олар жер бауырлап жатқанда тыныс алудың күшейетіндігімен байланыстырады. Тағы бір қызық жағдай мұндай түстерді адамдар атақты адамдардың қатысуымен көреді екен.

2. Қорқынышты түстерді кімдер көреді? Ғалымдардың дәлеліне сүйенсек, егіздердің тек қылықтары мен әдеттері ғана бірдей емес екен деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Олар қорқынышты түстерді де бірдей және көп көретін көрінеді. Ғалымдар 2700 жұп егіз мен 4200 сыңар жандарды қатыстырып тәжірибе жасаған. Нәтижесінде егіздер сыңарларға қарағанда қорқынышты түстерді екі есе көп көретіндігі анықталыпты.

3. Жердің магниттік өрісі де адам көретін түстерге әсер етеді. Психолог Даррен Липинский 8 жыл бойы өзінің көрген түстерін қағаз бетіне түсіріп жүрген. Осы арқылы ол көп нәтиелерге қол жеткізіпті. Оның пайымдауынша, геомагниттік өрістің белсенділігі төмен болған жағдайда адам түсініксіз түстер көреді екен. Ал керісінше, жоғары болған жағдайда ақылға қонымды, жақсы түстер көруге себеп болатыны анықталып отыр.

4. Ақ-қара түсті теледидар - ақ-қара түсті түстер. Былай қарағанда, түсіңізде ақ және қара түстен тұратын көріністерді көру мүмкін емес сияқты. Әйткенмен 2008 жылы Данди университетінің студенті Ева Мурзун бұл пікірдің дұрыс еместігін дәлелдеп шықты. Мурзун 55 жастағы және одан үлкен адамдардың көрген түстеін сараптама жасаған. Нәтижесінде олар өмірін жиырма пайызында ақ-қара түстерден тұратын көріністерді түсінде көргендігін айтқан. Бұған қоса Мурзун 3-10 жас аралығындағы уақытта үнемі ақ-қара түсті теледидар көрген адамдардың түсіндегі көріністер де сұр түсті болатындығына көз жеткізіпті. Ал басқа ғалымдар халықтың 83 пайызы 1960-шы жылдардан бастап түсінде түрлі-түсті көріністерді көретінін дәлелдеген. Ал бұл уақыт түрлі-түсті теледидардың дүниеге келуімен тұспа тұс келеді екен.

5. Ірімшіктің де түске қандай қатысы бар деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Кәдімгі ірімшік те түстің өзгешеліктеріне әсер етеді екен. Барлық ірімшіктердің құрамында триптофан деген аминқышқылы бар. Ол түстің қалыпты болуымен қатар, стресс деңгейін төмендетеді. Британдық Чиз Бурд ірімшік компаниясы әр түрлі ірімшік жеген адамдардың көрген түстерін сынаққа алған. Нәтижесіндек жеген ірімшектерінің түрлеріне байланысты адамдардың бірі жақсы түстер көріп, енді бірі қорқынышты түстер көре бастағаны анықталған.

6. Дыбыстар мен иістердің де түсіңізге қатысы болуы мүмкін. Біздің санамыз ұйқыдағы кезде естілген дыбыстар мен иістерді ұйықтап жатқанда да сезіп жатады. Олар есіткен шынайы дыбыс түс көргенде сол жақтағы өзге көріністермен байланысып кетеді. Мысалы, ән тыңдап ұйықтайтындар түсінде концерттік бағдарламаларды немесе телефонның шырылын көретіндігі ғылыми зерттеу барысында анықталған. Демек, адамның санасына сіңірілген кез келген нәрсе сіздің түсіңізбен байланысуы заңды нәрсе.
Түнгі тыныштығы жайсыз түспен астасқан адамның таңертең дел-сал болып, мазасы қашатыны, ас пен жұмысқа зауқы болмайтыны белгілі. Ал жайлы түс адамның жақсы тынығып, сергек оянуына, көтеріңкі көңіл-күйде жүруіне көмектеседі. Олай болса, жақсы түс көруге талпыныңыз. Ол үшін ұйықтар алдында серуендеңіз, жақсы нәрсе ойлаңыз. Бөлмеңізге жағымды музыка немесе хош иісті зат қою да жайлы ұйқыға көмектеседі. Ұйқыңыз тыныш болсын.


Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.




Көрілген: 4366    Пікірлер: 0

сенбі, 30.01.2021, 01:15

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30