Сұрақ-Жауап. Кеңес

Түс неге есте қалмайды?

  • Түс неге есте қалмайды?

    Түс неге есте қалмайды?

Адам өмірінің 10 пайызы түс көрумен өтеді. Алайда оның басым бөлігі есте қалмайды. Мұның себебін Massaget.kz басылымы іздеп көрді.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, кез келген адам ұйқының үштен бір бөлігінде түс көреді екен. Зерттеушілер түс адамның өңінде көргенін қайталау жұмысын ғана атқармайтынын айтып отыр. Олардың сөзінше, түс адам ағзасы үшін өте маңызды. Себебі адам ұйқыға кеткенде ми көру қыртысының жұмысын тоқтатпай, түс көру арқылы белсенді формада ұстайды. Көру қыртысының белсенділігі төмендегенде мидың бұл бөлігі тактильді және дыбыстық ақпаратты өңдеуге көшеді. Бірнеше сағатта көру қыртысы жұмысын толықтай өзгертуге қауқарлы. Сол үшін ми түс көру арқылы көру қыртысын жұмыс істеуге итермелейді. Нәтижесінде ұйқыдан тұрғанда көрген түсіміздің басым бөлігін ұмытып қаламыз. Әдетте адам жылдам ұйқы фазасына өткенде жиі түс көреді. Бұл уақытта адам ағзасы белсенді болып, ми оянуға дайындалады. Бұған қарамастан жылдам ұйқы фазасында ояну қиынға соғады. Адам жасы ұлғайған сайын жылдам ұйқы фазасының уақыты азая береді. Осының себебінен қарт кісілер түсті сирек көріп, ұзақ ұйықтай алмайды. 

Басылым мәліметінше, жылдам ұйқы фазасы әр 100 минут сайын қайталанады. Дәл осы уақытта түстің айрықша сәттері болады екен. Ал баяу ұйқы фазасында түс болғанымен адам оны есінде сақтай бермейді. Ал түстің есте қалу-қалмауы ұйқының сапасына байланысты болып табылады. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Бейжің ауруханасының клиникалық психология бөлімінің бас дәрігерінің орынбасары Ши Хуэй "Хуаньцю Шибао" басылымына берген сұхбатында тез ұйықтаудың қарапайым тәсілдерін айтқан еді. 

Massaget.kz




Көрілген: 605    Пікірлер: 0

сенбі, 14.11.2020, 12:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31