Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түшкіргеніне қарап таны

05 мамыр 2011, 11:39

Біз неге түшкіреміз? Ол аурудың белгісі ме?Түшкіргенде жүрек бір сәт тоқтап қалады деген рас па?
Жарылқасын МҰҚАНОВ,
Шымкент қаласы
Түсінікті тілмен айтсақ, түшкіру – өз бойына түскен қандай да бір зиянды зат­тар­ды ағзамыздың сілкіп тастауы. Жаратқан адамға о баста мұрынды тыныс алған ауаны сүзіп, тазартып отыратын сүзгі ре­тін­де берді. Байқамасаңыз, түшкіргенде адам­ның мұрнынан 100 000 бактерия сырт­қа лап қояды екен. Түшкіргенде жүрек бір сәт тоқтап қалады дейтіні, сол кезде кеу­де жасушаларында жағымды қысым пай­да болып, ол жүрек қағысының ритмін өзгер­теді. Ал оның жылдамдығы сағатына 150 км. Түшкіргеніне де қарап адамды тануға болады. Америка ғалымдары осы­ны анықтап, мынадай тоқтамға келді:
1. бар даусымен түшкіретін – қоршаған ор­тасына өз ықпалын жүргізе алатын ха­риз­матикалық тұлға. Сан қилы идеяларын жұрт­пен бөліседі. Адамдарға ашық-жар­қын, жақсы әңгімеші;
2. түшкіргенін ешкім білмей қалатын адам­дар – «біреуге зияным тигенше, өзім жа­рылып кетейін» дейтін нағыз көркем мінез иесі. Ол үшін өзінен гөрі өзгелердің көңілі әлдеқайда маңызды. Текетірестен қа­шады. Шыдамды, сабырлы, кейде өзінің біреуге бағынышты болып қалғанын да байқамайтын адам. Үнсіз тыңдап, көмек беретін адал адам;
3. мұрнын орамалмен не алақанымен жауып түшкіретін адам – ой иесі. Алдын ала ойланбай ештеңе істемейтін, ойланбай сөйлемейтін, қоғамдағы әр құбылысқа өз пікірін түйе жүретін адам. Өзгелердің қателігін де көре алады, бірақ бетіне басып айтпайды. Ой толғайтын кітаптарды үнемі оқиды. Бар ісін өзі атқарады, біреуге жүк­тей салудан ада. Әдетте демалысын үйде, оңашада өткізеді;
4. тез әрі ащы түшкіретін – жалғыздықты сүйетін адам. Шешімді тез шығаратын, өзге­лерден де соны талап ететін жан. Біреу­ге арқа сүйеу деген әдетінде жоқ. Көш­басшы. Жақсы басшы. Өзін біреудің пай­даланғанын білсе, кешірмейді.