Сұрақ-Жауап. Кеңес

Түскі астан кейін неге ұйқы келеді?

  • Түскі астан кейін неге ұйқы келеді?

    Түскі астан кейін неге ұйқы келеді?

Түскі астан кейін "бір тынығып алсам ғой", "мына жерде бір жатын орын болса ғой" деп айтатын әріптестеріңіз бар болар. Өзіңіз де талай айтқан боларсыз.


Түскі асты ішкеннен кейін жұмысқа белсенділік төмендеп, білек сыбана кірісу кейде қиындайды. Бұл әлсіздік пе, әлде жалқаулық па? Расында, бұл - табиғи құбылыс . Жалғыз адамдар ғана емес, кей жан-жануарларда да мұндай босаңсу болады. Ғалымдар табиғи заңдылық деп қарайды.


"Түсте аз уақыт көз шырымын алу - ағзаның бір қалауы" - деп жазады кей зерттеушілер. Әсіресе ыстық аймақтарда түс ауа бір тынығып алу көп кездеседі екен. Бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бір бейімделу іспетті де.


Түскі астан кейін ұйқы келуін зерттегендер көп-ақ. Неге тамақтанғаннан соң ұйқы келетініне мән берген. Анығында бұл қанда глюкозаның артуына байланысты екен. Ол артқанда ми бөлігі жасушалары сергектік жайлы ақпарат қабылдамайды. Орексин гормоны аз бөлінеді. Ал бұл гармон адамға сергектік сыйлайды.


Тағам арқылы ағзаға келген көмірсулар да босаңсуға әкеледі. Мұның әсерінен серотонин гармоны бөлініп, адам өзін байсалды ұстай бастайды. Бұдан кейін адам аздап тыныққысы келеді.


Ғалымдар бұған қатысты болжамдары көп-ақ. Мысалы, әр адамның әлсіз тұстары (ағзада) болады. Ас ішкеннен кейін оған көбірек күш түседі, әрі көп қан сонда ауады. Нәтижесінде қанайналым аздап "ауытқып", мида оттектің жетіспеуі туындайды. Ас қорытылу үшін ағза адамды ұйқыға "жетелейді".


Түскі астан кейін ұйқының келуі - табиғи әрі физиологиялық құбылыс екенін айта кеттік. Ал ұйқы келмеу үшін не істеу керек? Түс ауа сізді маңызды істер күтіп тұрса, алдын алуға болады. Ол үшін түсте тамақтанғанда глюкоза мен көмірсуы аз ас ішіңіз. Сорпа, майға пісірілмеген ет және түрлі салаттарды жесеңіз болады. Бұл - қарапайым бір жолы.


Босаңсымас үшін тағамның тез қорытылуына сеп болатын сусындарды (кофе, қою шай) ішсеңіз де болады. Дегенмен ағзаның кем дегенде 15 минут тынығуына жағдай жасау керек. Санаулы минут тынығудың өзі түс ауа жұмысыңыздың өнімді болуына айтарлықтай пайдасын тигізеді.


massaget.kz




Көрілген: 627    Пікірлер: 0

жұма, 08.02.2019, 23:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...
    9 Сәуір, 11:49
    Жауапсыз махаббат
    29 Наурыз, 12:45
    WHATSAPP-ТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ
    15 Наурыз, 10:27
    Ата-ананың 4 қателігі
    6 Наурыз, 13:41
    АРУЛАРҒА 13 КЕҢЕС
    27 Ақпан, 13:22
    САБЫРСЫЗДЫҚТЫҢ СОҢЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30