Сұрақ-Жауап. Кеңес

Уақытша жұмыс істемейтін адам зейнетақы қаржысын пайдалана ала ма

  • https://baigenews.kz/

    https://baigenews.kz/

Tengri TV-де өткен тікелей эфирде ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай зейнетақы жинағында жеткілікті қаражаты бар, бірақ соңғы уақытта жұмыссыз жүрген адам оны пайдалана ала ма, деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Мен 47 жастамын. Менің зейнетақы қорымда 4 миллион теңге бар, яғни үй алу үшін пайдалануға болатындай артық қаражатым бар. Бірақ бір жылдан астам уақыт бойы зейнетақы қорына ақша аударған жоқпын. Баспана алатын жағдайда ол қаражатты пайдалана алам ба, әлде соңғы бір жылда зейнетақы қорына ақша аудармағаным кедергі бола ма?».

 

Tengri TV-де өткен тікелей эфирде оқырман тарапынан осындай сұрақ қойылды.

 

«Зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану бойынша басты назарда жинақта жеткілікті қаражат жиналғанына назар аударылады. Егер жинақта қаражатыңыз жеткілікті болса, тиісті бөлігін пайдалана аласыз. Дегенмен, ай сайын зейнетақы қорына ақша аударуға мән беру керек, себебі ай сайынғы аударымыңыз аз болған сайын базалық зейнетақыңыз да аз болады. Ал үй алуға қатысты келер болсақ, банк сіздің төлем қабілетіңіз бар екенін тұрақты табыс көзіңіз бар екеніне, ай сайын зейнетақы қорына ақша аударылып тұрғанына байланысты бағалайды», - дейді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты түсінік беріп, оны кімдер алатынын айтқан еді. Сондай-ақ, Зейнетақы жинағын шешіп алу үшін онда қанша ақша болуы керек екені туралы да жазылды.

 




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 12:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31