Ұл керек пе, қыз ба?

Ұл керек пе, қыз ба?

Адам арманы мен қалауында шек жоқ. Соның бірі – перзент сүю. Деректер еліміздегі жұптардың 30 пайызға жуығы балалы болуды армандайды дейді. Оның шешімін қолдан ұрықтандыру арқылы тауып жатқан отбасылар көп.

Ал енді бір отбасыларда перзентінің қатарын қызбен немесе ұлмен толықтырғысы келетіндер болуы мүмкін. Олардың бұл арманы мен қалауын орындаудың қарапайым шешімі қандай? Жоспарлы түрде ұлды не қызды болудың жолы бар ма?

Ұл қалағандарға арналған амалдар

Ағылшын ғалымдары ұзақ уақыт бірге тұрған және отбасында келісім, түсіністік үстемдік құрған отбасылардың ұлды болу мүмкіндігі жоғары депті. Олар ұрыс-керісі мен келіспеушілігі көп жұптардың, ашушаң әйелдердің көбіне қыз туатынына көз жеткізіпті.

Ресейлік репродуктолог Е.Шаврина ұлды болуды көздеген әйелдердің тақ жаста тақ айда (қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, қыркүйек, қараша) көтергені дұрыс дейді. Сонда 95 пайыз дәлдікпен өмірге ұл келеді дейді доктор.

Еуропа әйелдері арасында ұлды болғысы келген жұптар етеккір кестесіне «бағынуы» тиіс деген түсінік бар. Ол үшін жұптар менструалдық циклдың басталуына 12 күн қалғанда жыныстық жанасуды тоқтатуы керек екен. Егер есептен шатаспаса, ұлды болудың мүмкіндігі 87 пайыз дәл шығады деп санайды олар.

Ұл сүйгісі келетін келіншектер сүт өнімдерін, әсіресе ірімшікті, балықты, жалпы ет пен күрішті көп тұтынуы керек екен. Сонымен қатар оларға кепкен жемістер, картоп, помидор, капуста, жаңғақ, шоколад пен қантты жиі пайдалану

ұсынылады. Жұмыртқа, жеміс шырындары, апельсин, банан, шабдалы, қозықұйрықты көп жеу де ұл сүюге көмектесетін көрінеді.

Калий мен магнийге бай азықтар ағзаны нығайтып қана қоймай, көтерген жағдайда өмірге ұл келуіне көмектеседі дейді Жапон ғалымдары.

Салмағы 54 килодан аз әйелдер көбіне қыз туады, ал салмағы одан көп әйелдерде ұл көбірек туылады екен. Бұл қызық зерттеуді Швед ғалымдары жасаған.

Ер адам билік құратын отбасыларда, күйеуі әйелінен 10 жастан да үлкен болса, сондай-ақ жастары жиырма екіге дейінгі жас жұптарда көбіне алғашқы перзент ұл болады екен.

10 мың жүкті әйелге зерттеу жүргізген Қытай ғалымдары екі жылдан астам уақыт темекі шегетін әйелдер арасында қыз туушылар 30 пайызға көп екенін анықтаған. Яғни ұлды болғыңыз келсе, темекі тартпағаныңыз абзал.

Отбасын ұлмен толықтырғысы келетін жұптар осы амалдарды жасап көруіне болады дейді зерттеушілер. Бірақ жасалған амалдарға күмәнмен қарауға болмайды, оған толық сену керек. Сенімнің арманның нақты іске асуына көмектесетін әсері бар деседі.

Қызды болудың құпиясы

Мамандар қызды болудың бірнеше амалын қарастырыпты. Оның біріншісі – овуляция күндерін бақылау деседі. Мұны Миссури университетінің ғалымдары анықтаған. Олар етеккір келуінің кестесін дұрыс түзе алған келіншектер оның («айлық қонақтың») басталуына 2-3 күн қалғанда көтерсе, қызды болу мүмкіндігі 97 пайыз дейді.

Қан жаңаруын есептей білген жандар да қызды болуға қол жеткізе алады екен. Мәселен, ер адамның қаны 4, ал әйелдерде ол әр 3 жылда жаңарып отырады. Осыны есепке алып көруге де болады екен. Бұл жерде әйелдің қаны жаңарған кезде көтерсе – қыз, ер адамның қаны жаңарғанда біткен шарана – ұл болып туылатын көрінеді. Зерттеулер перзентін қан жаңаруына байланысты жоспарлаған отбасылардың 87 пайызы адаспайтынын көрсетеді.

Ата-ананың қаны бірдей резус-факторлы болса, олардың отбасында қыздың көп болуы да заңды құбылыс деседі зерттеушілер. Ал екі түрлі резус-факторлы қан тобында дүниеге ұл бала көбірек келеді екен.

Наным-сенімдерге сенсек, қызды болуды армандаған әйел жастығының астына айна, тарақ, моншақ, сырға сынды қыздарға көбірек қажетті, олар ұнататын заттарды қойып жатқаны дұрыс екен. Ал енді бір елдерде қызды болуды қалаған келіншек жыныстық жанасу кезінде оң шынашағына қызыл жіп орап қойса көмектеседі деп сенеді.

Сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері бойға біткен бала қыз болады деген де сенім бар.

Бір апта бойы ұйықтардан 20 минут бұрын өрік немесе алма шырынын ішіп жүрген келіншектің қыз туы мүмкіндігі жоғары делініпті.

Көтерерден екі ай бұрын кальций мен магнийге бай витаминдер қабылдап, құрамынан осы элементтер көптеп табылатын жеміс пен көкөністерді көптеп жеу де жақсы көмек болуы мүмкін.

Баклажан, қызылша, сәбіз, қияр, бұрыш, пияз, жаңғақты көбірек жеп жүрген келіншектің қызды болу мүмкіндігі жоғары. Сол сияқты қызды болуды армандаған болашақ ана банан, өрік, апельсин, қарақат пен қауыннан аулақтау болғаны жөн екен.

Осылай дегенмен қай медициналық зерттеу қорытындысы да перзенттің жынысы бірінші кезекте сперматозоидтарға байланысты екенін көрсетеді. Әйткенмен жоғарыда аталған жайлардың әрқайсысы белгілі бір дәрежеде болашақ перзенттің жынысын жоспарлауға көмектесетінін жоққа шығармайды.

…Мұның бәрі, әрине, әр кездерде зерттелген нәрселер мен ел ішіндегі наным-сенімдер. Ал кімге қанша перзент, қандай перзент «бұйыратыны» бір Аллаға ғана мәлім емес пе?

Жарас ҚАСЫМ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста