Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ұшқыш ұшақтағы ең қауіпсіз орындарды атады

12 желтоқсан 2021, 22:19

Ұшқыш ұшақтағы ең қауіпсіз және турбулентті кезең барынша жеңіл өтетін орындар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ұшқыш Андреас Стобердің айтуынша, лайнер турбулентті аймаққа түскен кезде көп жолаушы қатты қобалжиды, бірақ ұшақтың қанаты жағында отырғандарға бұл аз сезіледі.

"Ұшақ әткеншекке ұқсайды, ортасында шайқалу аз болады - қанаттар орналасқан жерде", - деп түсіндіреді ұшқыш. 
 
"Ұшақ турбулентті аймаққа түскенде, ұшақ түзу және тегіс ұшуы үшін оның артқы жағы тепе-теңдікті ұстауы керек".

Статистика ең қауіпсіз орындықтар кабинаның соңында екенін көрсетеді. Апат болған жағдайда ұшақ соңында отырып, аман қалғандар саны көбірек. Сол себепті де "қара жәшіктер" ұшақтың құйрығында орнатылады.

Стобердің өзі жұмыс уақытынан тыс уақытта терезе жанындағы орынды таңдайды.