Сұрақ-Жауап. Кеңес

ҮТІКТЕН ҚАЛҒАН ДАҚТЫ ҚАЛАЙ КЕТІРУГЕ БОЛАДЫ?

  • http://reactor.inform.kz/

    http://reactor.inform.kz/

Киіміңізді үтікке күйдіріп алсаңыз, оны лақтырудың қажеті жоқ. Киімдегі үтіктен қалған дақты кетіру үшін төменде көрсетілген кеңестерді орындасаңыз болғаны.

 

✅ 1. Киіміңізді үтікке күйдіріп алған жағдайда, киімдегі дақ терең болмаса, арасына уақыт салмай кір сабынмен жуыңыз.

 

✅ 2. Киімдегі үтіктен қалған дақты сумен сулап, үстіне ас содасын себіп қойыңыз. Сода сіңген соң дақты шетінен ортасына қарай ысқышпен абайлап тазартыңыз. Егер дақ толықтай кетпесе, әдісті қайтадан қайталаңыз.

 

✅ 3. Жоғарыдағы әдістер көмектеспесе, дақты жылы сумен сулап, үстіне тұз себіңіз. Мата кепкен соң, матаны тұздан щеткамен тазартыңыз.

 

✅ 4. Үтіктен қалған дақты кетірудің тағы бір жолы − даққа лимон шырынын құйып, үстіне қант ұнтағын себу. Қоспа кепкен соң, оны жылы суға жууыңыз керек.

 

✅ 5. 2:1 қатынаста сірке суын және қарапайым суды араластырып, қоспаға киімді салып қоямыз. Біраз уақыттан соң жуып аламыз.

 

✅ 6. Үтіктен қалған дақты кетіруге сутегі тотығы да көмектеседі. Ол үшін даққа сутегі тотығын құйып, кептіресіз. Содан соң киімді қарапайым жолмен жуып алу қажет.

 

Кейбір жағдайларда жоғарғы әдістердің көмегімен де кетпейтін дақтар болады. Ондай жағдайда киіміңізді химиялық тазартуға беріңіз. Бір ескерте кететін жайт, қабылдаушыға дақты кетіру үшін қандай заттарды қолданғаныңызды айтуды ұмытпаңыз.

 

reactor




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.02.2020, 17:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30