Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ұялы телефонға қандай қосымшаларды жүктеген қауіпті

  • Ұялы телефонға қандай қосымшаларды жүктеген қауіпті

    Ұялы телефонға қандай қосымшаларды жүктеген қауіпті

Group-IB компьютерлік криминалистика зертханасы басшысының орынбасары Сергей Никитин "КаскадТВ" Youtube-арнасына берген сұхбатында смартфонға орнатуға болмайтын мобильді қосымшалар туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.


Атап айтқанда, олардың қатарында қолданушының телефон кітапшасына кіруге мүмкіндік алатын, бірақ оны жария етпейтін GetContact секілді бағдарламалар бар.

Сондай-ақ, спам-қоңырауларды бұғаттауға арналған қосымшалар да осы санатқа жатқызылады.

Маманның пікірінше, бұндай қосымшаларды деректердің қауіпсіздігін сақтайтын дерлік танымал компаниялар шығаруы мүмкін, алайда, кіріс қоңыраулары туралы ақпарат бәрібір олардың серверіне келіп түседі.

Сонымен қатар, зертхана басшысының орынбасары компьютерді қашықтықтан басқару бойынша бағдарламалық жасақтаманы смартфонға орнатпауға кеңес берді. Айтуынша, оларды алаяқтар қолданушылардың банк деректерін алу және шоттардан ақша ұрлау үшін жиі пайдаланады.

Маман балаларды қадағалау және орналасқан жерін бақылау бойынша қашықтықтан басқару бағдарламаларын еш уақытта смартфонға орнатпау керектігін алға тартты.

"Біреу бұл бағдарламаны бұзып кіріп, балаңыздың орналасқан жерін анықтап, оны ұрлау мақсатында қолдануы мүмкін мүмкін", – дейді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін iPhone 11 Pro телефонының қауіпті тұсы анықталғанын хабарлаған болатынбыз. Гаджеттің радиожиілік сәулелену деңгейі АҚШ-тың байланыс бойынша федералды комиссиясы бекіткен нормадан екі есе жоғары болып шыққан.




Көрілген: 568    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.02.2020, 17:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30