Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Үйде отырып та дертке шалдыға береміз бе?

13 сәуір 2011, 10:59

Көптеген ауру үй ішінен пайда болады деген рас па? Рас болса қалай пайда болады және қандай аурулар?
Гүлнұр ҚОЖАГЕЛДИНА,
Қостанай облысы
Ресейдің эпидемиолог дәрігерлері 120 пәтерге бес мың түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізген. Әр кезеңде түрлі материалдан тұрғызылған үйлерді зерттеу нәтижесінде адам денсаулығына кері әсер ететін үш түрлі фактор анықталған. Бірінші – физикалық фактор. Оған теледидар, компьютер т.б. аудио және видеоаппараттардан бөлінетін зиянды сәулелену жатады. Бұлардан дистония, гипертония және құлақ саңыраулығына әкеліп соғатын аурулар пайда болады. Екінші – биологиялық фактор. Бұған үйдің дымқылдығының әсерінен көгеру, ашытқы, сыз болуынан өкпе, тыныс жолдары, тері аурулары пайда болса, керісінше, бөлмелердің тым құрғақ, желдетілмей, жиі жуылмай шаң болуынан да көптеген ауруға жол ашылады. Жұмсақ жиһаздар мен төсек-орындарынан көзге көрінбейтін шаң кенелері анықталған. Демікпе, аллергия ауруларының нағыз қоздырушылары – кенелер. Үшінші – химиялық фактор. Азот диоксиді, фенол және формальдегид, яғни газ плитасы мен темекіден және жиһаздың булануынан пайда болады да, бұлар адамның иммунитетін әлсіретіп, тыныс жолдары, аллергия, тұмау сияқты аурулар пайда болады.