Сұрақ-Жауап. Кеңес

Үйге бөтен адам тіркелгенін қайдан білуге болады

  • Үйге бөтен адам тіркелгенін қайдан білуге болады

    Үйге бөтен адам тіркелгенін қайдан білуге болады

 Мамандардың сөзіне сенсек, қазақстандықтардың көбі пәтерінде тіркеуде тұрған адам санына қатысты мәліметтерге аса назар аудармайды. Ол мәліметтерді тек сатып алу-сату шартын жасасқанда іздейді екен.


Әділет министрлігінің мәліметінше, санитарлық талап бойынша, әрбір адамға кем дегенде 15 шаршы метр қажет. Сондықтан заң бойынша пәтерге үй ішінен бөлек, өзге адамдарды тіркеуге болмайды дейді. Бірақ пәтерге бөтен адам тіркелсе, ол қаншалықты қауіпті? Оны қалай анықтауға болады? Бөтен адамды тіркеуден пәтер иесі өзі шығара ала ма? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына жылжымайтын мүлік мәселелерімен айналысатын адвокат Қарлығаш Жаңылбаева жауап берді.


Тіркелгендерді кім тексереді?


Адвокат пәтерде тіркелген адамдардың санын тек үйдің иесі немесе нотариус растаған құжаты бар адамның біле алатынын айтады. "Пәтерде уақытша немесе жалпы тіркеуде тұрған адамдарға қатысты мәліметті тек пәтердің иесі ала алады. Бірақ жылжымайтын мүлік муниципалитетке немесе әлеуметтік мақсатта жалға алынса, онда тіркеуде тұрғандар жайлы жалға алушы адам біле алады. Бұл жағдайда құжатты міндетті түрде нотариус растауы қажет. Немесе кей жағдайларда үйдің иелері сенімхат рәсімдеп, ол мәліметтер сол адамға ғана қолжетімді болады. Бұл процестердің барлығы үйге қарасты Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады", - дейді адвокат.


Үй иесінің құқықтары қандай?


Сондай-ақ, маман қазақстандықтарға баспана алудың алдында пәтерде қанша адамның тіркелгенін анықтауға кеңес береді. "Заң бойынша сатып алушының сатушыдан пәтердің картасын сұрауға құқығы бар, міндетті десе де болады. Ол картада сол уақытқа дейін пәтерде кімнің тіркелгені, олардың қанша уақыт тіркеуде тұрғаны, тіркеуден қашан шығарылғаны, үй иесіне кім болып келетіні - туысы, әріптесі сияқты мәліметтердің барлығы жазылады. Бұл сатып алу-сату шарты жасасқанға дейін тексерілуі тиіс. Пәтердің жаңа иесі ол картасыз меншігінде тіркеуде тұрған адамдарды шығарып, жаңа адамдарды тіркей алмайды", - деп ескертеді адвокат.


Бөтен адам тіркелгенін қалай анықтаймыз?


Маманның айтуынша, пәтер иесі үйге тіркелген адамдарды олардың қатысуынсыз-ақ, ХҚКО-ға барып, арнайы базадан шығара алады. "Тіркеуде тұрған адамды базадан шығаруда ешқандай проблема жоқ. Бұрындары ХҚКО қызметкері тіркеудегі адамға қатысты мәліметтер мен арнайы құжаттар талап етсе, қазір ондай жоқ. Барлығы базада тұрғандықтан, пәтер иесі тек жеке куәлігімен келсе болғаны", - дейді Қарлығаш Жаңылбаева.


Заңсыз тіркелгендерден қандай шығын бар?


Сондай-ақ, заңгердің айтуынша, пәтерде тіркелгендердің саны қаржы жағынан да әсер етеді. "Пәтерде тіркеуде тұрғандардың саны көбейген сайын коммуналдық қызмет шығындары да көбейетінін ескеру керек. Әр қалада, әр өңірде өз тарифтері бар. Бірақ дегенмен газ, жарық, жылытудан бөлек, үйдің басқа да шығындарын есептеу кезінде барлығы әр адамның басына есептеледі. Бұл, әрине, үйлеріне арнайы есептеуіш құралдар орнатылмаған көпқабатты үйлерге ғана қатысты. Сондықтан меншіктегі тіркеуде тұрғандар жайлы мәліметтерді жылына кем дегенде 2-3 рет тексеріп отыру қажет", - дейді ол.


Tengrinews.kz




Көрілген: 1538    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.08.2019, 15:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31