Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ұйқыңыз тыныш болсын десеңіз…

  • Ұйқыңыз тыныш болсын десеңіз…

    Ұйқыңыз тыныш болсын десеңіз…

Ұйқы - дұшпан, дегенмен... Ғалымдардың пайымдауынша адамның өзін сергек сезініп, күні бойы күш-қуатқа толы болып жүруі үшін әйелдер қауымы – 9 сағат, ал ер адамдар – 8 сағат тәтті түстің құшағында болу керек екен.

Алайда, кейбір жағдайларда “заманауи адамға” күнделікті 8 сағаттық ұйқының өзі жеткіліксіз болуы мүмкін. Себебі айтпаса да түсінікті. Яғни қазіргі уақытта адамдардың күн тәртібі көп жағдайда дұрыс емес. Сонымен қандай жағдайларда ұйқыңыз тыныш болмақ?


Көрпе ауыр болған сайын, адам жақсы ұйықтайды. Американдық ғалымдар жамылатын көрпе салмағының ұйқыға қаншалықты әсер ететіне зерттеу жүргізген екен. Осылайша, көрпе ауыр болған сайын, адамның жақсы ұйықтайтынын анықтаған. Яғни денеге түсірілген жеңіл-желпі қысым жүйке жүйесін мазасыздыққа, ал керісінше, күшті, бірақ жұмсақ қысым сабырлы күйге әкеледі екен. Дәрігерлердің тым мазасыз, аса белсенді, не болмаса аутизм және ДЦП дерттеріне ұшыраған балаларға ауыр көрпені жамылуға кеңес беретіні осыдан болар.

Бір қырынан жатып ұйықтағанның пайдасы зор. Қытай медицинасында адамның бір қырынан жатып ұйықтағанының пайдасы зор екендігі айтылады. Сол жақ қырынан жату асқорыту үдерісін жақсарта түссе, оң жақ қырымен жату жүйке жүйесін босаңсытады екен. Ал шалқасынан жатып ұйықтау мойын мен белдің еркін жатуына, сондай-ақ, аяқ пен қолды демалдырады. Және де ол жүрек тамырларын, тыныс алу жүйесін, асқорытуды дұрыстайды екен. Ал қан қысымы жоғары адамдарға жастықты биік қойып, шалқасынан жатып ұйықтаудың пайдасы көп.

Дұрыс ұйықтау үшін төсектің жайлы болуы да маңызды. Ал көрпеше мен жастық әр адамның дене құрылысына қарай жеке таңдалуы қажет. Мысалы, жастыққа кейбір адамдар тек басын ғана қояды. Ал негізінде омыртқаның мойын бөлігі де баспен бірдей биіктікте болуы тиіс. Яғни жастықтың ұзындығы иықтың енімен шамалас болғаны жөн. Сондықтан жастық сатып алатын кезде оған жатып көріп таңдаған дұрыс.

Күнтәртібі. Күнделікті бір уақытта жатып, бір уақытта ұйқыдан оянуды әдет қылып алған жөн. Осы кезде ғана еш қиналмай тез ұйықтап, сергек оянуға болады. Жатар алдында эмоциямызға қатты әсер ететін ұрыс-керіс немесе телебағдарламаларды көру секілді іс-әрекеттерден аулық болып, асқазанға салмақ түсіретін тағамдардан бас тартқанда жөн.

Жалпы ұйқы кезінде зат алмасу процестерінің белсенділігі төмендеп, жүйке құрылымдары баяулай түседі. Оның барлығы интеллектуалды немесе қара жұмыстан кейін күшті қалпына келтіруге жәрдемдеседі. Бұл аралықта тәніміз жай-барақат күйде болғанымен, ми жұмыс жасай береді. Себебі, сол кезде күні бойы жиналған ақпарат өнделіп, сарапталады екен. Осылайша ми артық мәліметтерден босап, келер күннің берер жаңалықтарына дайын болады. Нәтижесінде сыр бере бастаған жүйкеміз де, психикамыз да қалпына келіп, толағай күшпен жаңа іске кірісіп кетеміз. Сондықтан ұйқыңыз тыныш болсын! 




Көрілген: 840    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.01.2019, 08:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...
    9 Сәуір, 11:49
    Жауапсыз махаббат
    29 Наурыз, 12:45
    WHATSAPP-ТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ
    15 Наурыз, 10:27
    Ата-ананың 4 қателігі
    6 Наурыз, 13:41
    АРУЛАРҒА 13 КЕҢЕС
    27 Ақпан, 13:22
    САБЫРСЫЗДЫҚТЫҢ СОҢЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30