Сұрақ-Жауап. Кеңес

Үйіңізді кедейліктен, берекесіздіктен сақтайтын ырымдарды білесіз бе

  • Үйіңізді кедейліктен, берекесіздіктен сақтайтын ырымдарды білесіз бе

    Үйіңізді кедейліктен, берекесіздіктен сақтайтын ырымдарды білесіз бе

 Халқымыз ертеден-ақ ырым-тыйымдарға қатты мән береді. Олардың ішінде бүгінге дейін маңызын жоғалтпаған, әжелеріміз ескертіп отыратын ырымдар бар. Осы орайда KAZ.NUR.KZ. порталы Ernur.kz-ке сілтеме жасап үйіңізді жамандықтан, кедейліктен, берекесіздіктен қорғайтын ырымдарды ұсынады.

Босағаңызға кәрі жілік іліп қойыңыз

"Кәрі жілікте қасиет бар". Әрбір үйдің босағасында кәрі жілік байлаулы тұру керек. Бұрынырақта үлкендер "Кәрі жілікте шаңырақтың құты болады. Оны біреуге бермейді" деп айтып отыратын болған. Көбінесе үй иесінің сыбағасы ретінде сақталып, той тарқаған соң етін мүжіп, сүйегін босағаға байлайды. Кәрі жілік – босағағаа береке, шаңыраққа шаттық, құт-ырыс дарытады деген сенім бар.

Үйіңіздегі сыпыртқыны тұрғызып қоймаңыз

Бүгінде сыпыртқыны қолданатындардың саны өте аз. Әсіресе, көпқабатты үйде тұратын қалалық келіншектер қолына сыпыртқы ұстамайды. Ал жер үйдің келіншектері керісінше сыпыртқымен жақын дос. Күніне бір рет болса да сырласатыны анық. Міне, осы сыпыртқыны қолданып болған соң тұрғызып қоятындарды талай рет көрген боларсыз. Ұсақ-түйек деп мән бермегенімізбен, мұның да айтарлықтай мәні бар екен. Осы тік тұрған сыпыртқының өзі шаңырағыңызға келетін жақсылықты кері қайтаратын көрінеді.

Сынық айнаны сақтамаңыз

Бұрындары қазақтар айнаны көп қолданбаған. Ал бүгінде керісінше бір қабырғасын айнамен жалтыратып қоятындар бар. Сәнге айналған қиық айна құтыңды қашырып жатыр десе ешкім сене қоймас. Өйткені сынық айна жақсылық шақырмайды. Кішкентайлар үркіп қарайтын, қорқынышты көрінеді. Айнаның бетін тазалап, мейлінше қараңғы түскен кезде бетін жұқа матамен жауып қоюды әдетке айналдыру керек.

Ыдысты жумай ұйықтамау

Бір рет болса да жуылмаған ыдыстың бетін майлықпен жауып, тазалауды таңертеңге қалдырған боларсыз. Бұлай жалқаулыққа салынуға болмайды екен. Өйткені, құт пен береке, байлық пен ынтымақ үйдегі үш жерге жасырылған:

Біріншісі - босағада
Екіншісі - ыдыста
Үшіншісі - пейілде

KAZ.NUR.KZ




Көрілген: 5630    Пікірлер: 0

жұма, 06.12.2019, 09:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қаңтар, 12:54
    Адам неге кекіреді?
    25 Желтоқсан 2019
    Спираль қоюдың үкімі
    20 Желтоқсан 2019
    Ағзаны тазалау жолдары
    18 Желтоқсан 2019
    Фейсфитнес деген не?
    9 Желтоқсан 2019
    Некені онлайн тіркеу
    3 Желтоқсан 2019
    Әйелдер неге жылайды?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31