Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ұйықтар алдында кітап оқу – күні бойғы қарбаласты ұмыттырады

  • Ұйықтар алдында кітап оқу – күні бойғы қарбаласты ұмыттырады

    Ұйықтар алдында кітап оқу – күні бойғы қарбаласты ұмыттырады

 Қызылорда қаласынан ең үлкен әпкем хабарласып, жағдай сұрасып болғасын, «Үйіңде немесе таныстарыңда Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» деген кітабы бар ма?» деп сұрады. Не үшін керек болып жатқанын сұрап едім, мектепте оқитын балаларына қажет екенін жеткізді.


Әпкемнің айтуынша, мектепте айына балаларға 2 кі­тап, ата-аналарына 2 кітап оқуға беріледі екен. Белгіленген күні кітап­ты оқып біті­ріп, балалар мен ата-аналар сол бойынша 2 сағат бойы мұғалім жолдаған сауалдарға жауап беріп, ауызша емтихан тапсыратын көрінеді. Бұл бір жағынан, кі­тапты оқыған-оқымағанын тексерсе, екін­ші жағынан, оқиғаның балалардың жа­дында жақсы сақталуына ықпал етсе керек.


Кітапты оқып аяқтап, сол бойынша ауызша емтихан тапсыратын күн балалар үшін де, ата-аналар үшін өте жауапты күн. Мұғалімдер кітап бойынша бірнеше сауал дайындап, балалар мен ата-аналары арасында жарыс ұйымдастырады. Бұл ретте кітаптың бір жерін оқып, екінші жерін тастап кету деген жоқ. Өйткені, сұрақтар оқиғаның кез-келген жерінен қойылуы мүмкін. Ата-ана баласы үшін қандай қадамға бармайды дейсіз. Әпкем қызы оқитын мектептен әлем әдебиетіне, ұлы оқитын мектептен қазақ әдебиетіне саяхат жасап жатқанын алға тартты. Мәселен, қазір өзі Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романын оқу үстінде екен. «Жұмыстан шаршап келсек те, кешкі асты ішіп алып, балалардың сабағын оқытып болғасын, ұйықтап кеткенше кітап оқитын болдым. Өткен айда жарысқа әкесі қатысқан. Кезекпен оқимыз деп келіскесін, осы айда менің кезегім келді» деп, екі баласының арқасында әлем әдебиетінен қызы 8, ұлы 8, әпкем мен күйеуі сегіз-сегіз кітаптан оқығандарын алға тартты.


Өздігімізден кітап оқи бермейтініміз белгілі. Қолымыз тимей жүрсе, кітап оқуды тіпті жинап қоямыз. Ал мәселе тапсырмаға, жарысқа келсе, оған үлкен жауапкер­шілікпен қарауға тура келеді. Әпкем қызы мен ұлының күнде кешке «кітаптарыңызды оқып жатсыздар ма?» деп әкесі екеуін тексеріп қоятынын айтып, бір күліп алды. «Кітап оқыған жақсы екен, күні бойы көр­ген қарбаласыңды ұмытып, жақсы ұйық­тайды екенсің» деп, балаларының арқасын­да мектеп қабырғасында оқыған кітап­тарымен қайта қауышып, білімін толық­тырып жатқанын тілге тиек етті. Жездем де риза болып жүр екен. Үйіне келген қонақтың бәріне айтып, жолдастарының да кітап оқуына себепші болып жүрген көрінеді. «Мынандай кітап десе болды, бірден дүкендерді аралап шығамыз. Өйт­кені, 1 кітапты оқуға 2 апта уақыт беріледі. Ғаламтордан оқығың келмейді, кітаптың исі бар ғой өзіндік, қолыңа ұстап отырып оқығанға жетпейді екен. Көзге де зиян емес. Компьютерден, телефоннан оқысаң, көзің талып кетеді ғой. Тағы жарқ-жұрқ етіп экран бетіне шығатын жарнамалар жоқ кітапта», – деді әпкем.


Ұтымды әрі жақсы тәжірибе екен. Әпкеммен сөйлесіп отырып, мектеп ұжы­мына іштей риза болдым. Рас, бұл кітап оқытуды үйретумен қатар, ата-аналар мен мектепті жақындата түсетіндей. Қазір үйдің өзінде балалармен әңгімелесе бермейміз. Ал мұнда тым болмаса оқып жатқан кітап­тары жайлы ой алмасуға мүмкіндік бар. Тағы бір ұтымды тұсы – ата-аналар бала­лары оқыған кітаптан, балалары ата-аналары оқыған кітаптан хабардар болып, білім алмасады. Оқырман, ал сіз соңғы рет қандай кітап оқып едіңіз?


 


P.S. Әпкеммен сөйлесіп болып, үйдегі кітап сөресіндегі кітап­тарды бір қозғап қойдым. Ішінен оқитын кітап іздедім. Сөйтіп, бір кітапты алып, кешеден бері оқи бастадым. Білімімді жетілдірсем деймін. Әрі үйдегі кішкен­тай­лардың көзі үйреніп, кітаппен достасса деген де ой бар.


Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ


almaty-akshamy.kz




Көрілген: 1073    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.04.2019, 22:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы
    3 Мамыр, 20:09
    ӨМІРДІҢ 30 ҚАҒИДАСЫ
    28 Сәуір, 19:29
    Қарыз беру керек пе?
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31