Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ұйықтар алдында тамақтанудың артық салмақ қосуға әсер етпейтіні рас па?

  • Ұйықтар алдында тамақтанудың артық салмақ қосуға әсер етпейтіні рас па?

    Ұйықтар алдында тамақтанудың артық салмақ қосуға әсер етпейтіні рас па?

Тамақтану уақыты денені қалпында сақтауға немесе артық салмақ қосуға әсер етпейді. Бұл туралы терапевт-дәрігер, диетолог Филипп Кузьменко айтты деп хабарлайды Sputnik радиосы. 

"Сіз күні бойы тамақтанбай, жатар алдында 2 мың калория жеп қоюыңыз мүмкін. Егер сізге осыдан кейін жақсы болса, ұйықтауға жатып, тыныш ұйықтап, таңертеңгісін сергек оянатын болсаңыз, демек бұл сіздің денсаулығыңызбен байланысты. Егер сізге бүкіл күнді тойымдылық сезімімен өткізу ыңғайлы болса, онда өз калорияңызды күні бойы біркелкі бөлуге болады", - дейді дәрігер. Кузьминконың сөзінше, адам өзінің тәуліктік нормасын білгісі келсе, маманмен кеңесуі керек. Ал тамақтану режимін жеке тәжірибеге сүйене отырып жасаған жөн. Мәселен, егер адам қарны тоқ кезде нашар ұйықтаса, онда оның аш ұйықтағаны жөн. Егер керісінше болса, ұйықтар алдында йогурт немесе сүзбе жеуге болады.

"Мұның бәрі жеке дара қарастырылатыны соншалықты, қандай да бір нақты сандар адамды шатастыруы мүмкін. Адам тек өзіне сай келетін тамақтану режимін жеке дара таңдауы керек", - дейді Кузьменко. Еске сала кетсек, диетолог Елена Соломатина мидың жұмысын жақсартуға көмек беретін өнімдерді атаған еді. Оның сөзінше, тамақтың құрамында холиннің жеткілікті мөлшері болуы маңызды. Маман жұмыртқаның сарысында, қой еті, сонымен қатар сұлы мен түрлі-түсті қырыққабатта аталған дәрумен болады деп отыр. Одан бөлек, В12 дәрумені мен темірге бай өнімдерді де жиі тұтыну керек. 

Sputnik радиосы. 




Көрілген: 4225    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.02.2021, 16:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30