Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ұзақ жасау – бақыт па?

  • Ұзақ жасау – бақыт па?

    Ұзақ жасау – бақыт па?

Адамдардың көбі ұзақ жасауды бақыт деп санайды. Бір қарағанда шындығында солай, өйткені кімнің өлгісі келеді дейсіз және пенделердің көпшілігі фәни жалғанды жалғыз шынайы өмір, өлімнен кейін тірлік жоқ деп түсінеді . Неғұрлым көп жасап,  өлім атты барлық қол жеткізген игіліктерімізден жұрдай ететін құбыжықтың келуін кешіктіре түссек, соғұрлым бақытты боламыз деп түйсінетіндер бар. Шындығында солай ма?

Тән – машина

Адамның тәнін Бһагавад Гита кітабында ежелгі санскрит тілімен янтра деп атайды екен. Оның мағынасы – күйме немесе арба, ал қазіргі түсінікпен алсақ – машина. Егер ақылға салып байыптап қарайтын болсақ, адам тәні шынында да машинаға ұқсайды. Төрт дөңгелекті емес, екі дөңгелекті. Тән машина болса, жан, яғни рух – оның жүргізушісі.

Менің бір әріптесімнің інісі ертеден бизнеспен айналысады. Бизнес дегенде кәдімгі алыпсатарлық. Арзанға көтере сатып алады да, қымбаттау бағаға сатып, арасынан жақсы пайда түсіреді. Сол жігіттен мыныдай әңгіме естідім: «Мен бизнесіме байланысты көп жүремін, Қазақстанның барлық өңірлерін аралаймын, тіпті іргелес Ресей, Қырғыз елдеріне де шығамын. Көбіне өзімнің жеке автокөлігіммен жүремін. Алыс жолға шыққанда көлік неғұрлым сенімді болуы қажет. Сондықтан шетелдік қымбат көлікті сатып алып, 3-4 жыл мінемін де, арзандау бағаға сатып, қайта жаңасын аламын. Жаңа көлік 3-4 жылдай тоқтаусыз жақсы жүреді, содан кейін сыр беріп, ақырындап сына бастайды».

Жаңа автокөлік пен ескісін салыстыруға болмайды. Жаңа көлік тоқтаусыз жақсы жұмыс істейді, ал ескірген сайын  әржері сыр беріп, сынуы көбейеді. Арзан деп бір танысым шетелдік ескі көлікті сатып алған еді. Жыл сайын алатын жалақысының жартсын сол көлігін жөндуге жұмсайды. Ана жерін жөндесе, мына жері сынады. Яғни, жүруінен тұруы көп.

Адамның тәні де сол машина сияқты. Жас адамның тәні мен егде адамның тәнін салыстыруға болмайды. Жас адамның ағзалары мүлтіксіз жақсы жұмыс істесе, егде адамның ағзалары үнемі сыр беріп, ауру-сырқауы көбейе түседі. 

Алладан өлім тілеймін.

Жасы тоқсаннан асқан үбірлі-шүбірлі болған бір қариядан көп жасаған жақсы ма деп сұрағанда «Ауырмайтын жерім жоқ, түн ұйқы деген де қалды, зейнетақым түгел дәрі-дәрмекке кетеді, ауырғанда шыдамай кейде Алладан өлім тілеймін» деп жауап беріпті.

Тозған машинаның жиі сынатыны сияқты, қартайған тән де түрлі дертке тез шалдығып, ағзалардың жұмысы нашарлайды.  Аудандық газетте істеп жүрген кезімде тоқсаннан асқан бір ақсақалмен сөйлескен едім. «Түнде ары кетсе жарты, бір сағаттай ғана ұйықтаймын. Түн баласы көз ілмей шығамын» -деген еді ол. Ұйқыдан қалса, тамаққа деген тәбет азайса, тәнін түрлі дерттер меңдесе, ондай өмір адамға қаншалықты бақыт әкелмек?

Осы жайлардан мынайдай тұжырым түйіндеуге болады:  Бүгінгі адамдардың орташа өмір сүру жасы 70 жас болса, сексен, тоқсанға дейін жасап, тауқымет тартып жүре беру адамға еш игілік әкелмейтін болса, онда ондай ұзақ жастың қажеті қанша?  Ең бастысы, толыққанды өмір сүріп, өз міндеттеріңді адал атқарсаң, салауаттылықты ұстанып, денсаулығыңды күтіп, бұйырған ғұмырды адамша дұрыс өткізсең, содан артық дүниеде ештеңе жоқ.

akikat01.com




Көрілген: 1842    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.11.2021, 17:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Желтоқсан 2021
    Ұл керек пе, қыз ба?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31