Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерге мереке күндері үшін ақы екі есе төлену керек пе?

09 маусым 2011, 11:41

Мен вахталық әдіспен 28/28 жұмыс істеймін. Еңбек шарты бойынша жексенбі демалыс күні болып есептеледі. Естуімше, демалыс күні жұмыс істегені үшін екі есе ақы төленуі керек екен. Алайда біздің мекеме жексенбі күніне жай күндегідей ақы төлеп отыр. Осы заңды ма?
Шерхан ЖАНДАРБЕКОВ,
Ақтөбе облысы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодек­сінің (бұдан әрі — Кодекс) 213-бабына сәй­кес жұ­мыстың вахталық әдісі кезінде ай­лық, тоқ­сандық немесе өзге де неғұрлым ұзақ, бірақ бір жылдан аспайтын кезең ішін­дегі жұмыс уақытының жиынтығы есе­бімен белгіленеді.
Жұмыс уақытының жиынтық есебі қол­данылғанда орташа жалақыны есептеу үш­ін орташа сағаттық жалақы пайдаланылады.
Орташа сағаттық жалақы есепті кезеңде есептелінген жалақы сомасын осы кезеңде нақты атқарылған жұмыс сағаттарына бөлу арқылы белгіленеді.
Жұмыс вахталық әдіспен атқарылғанда вахтааралық демалыс іс жүзінде демалыс күндері болып есептеледі.
Бұл ретте жұмыс вахталық әдіспен ат­қа­рылғанда жұмыскердің вахтада болу күндері демалыс күндеріне (соның ішінде, Кодекс бойынша демалыс күндері болып саналатын Құрбан айттың бірінші күніне және 7 қаңтар — Рождествоға) түсетін бол­са, олар жоға­ры­латылған көлемде төлен­бейді. Себебі олар вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкер үшін әдеттегі жұмыс күні болып саналады.
Ал жұмыскердің вахтада болуы кезі­не мереке күндері түсетін болса, осы күндердегі жұмыс үшін қызметкерге оның қалауы бойынша басқа демалыс күні (вахтааралық демалыс күндерінің үстінен) беріледі немесе қыз­меткердің бір күндік (бір сағаттық) ставкасына қарай екі есе мөлшерден кем емес көлемде төлем­ақы жүргізіледі, себебі «Қа­зақ­стан Рес­публи­касындағы мерекелер ту­ралы» ҚР Заңы­на сәйкес Қазақстан Республи­касында ме­реке күндері жұмыс күні болып есептелмейді.