Сұрақ-Жауап. Кеңес

Вакцина салдыруға болмайтын адамдар коронавирустан қалай қорғанады

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Қазір елімізде халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау жүріп жатыр.

 

Осы орайда екпеге қарсы медициналық көрсетілімдері бар тұрғындар да кездеседі. Олар COVID-19 вирусынан қалай қорғанады? Бұл сұраққа елордадағы №14 қалалық емхананың терапевт дәрігері Мая Молдахан жауап берді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

 

Анафилактикалық шокты бастан кешірген, вакцина құрамындағы заттарға аллергиясы бар адамдарға екпе салынбайды. Сонымен қатар қазіргі уақытта ауырып жүрген немесе қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы сынды созылмалы дерті болса, уақытша вакцина салдыруға болмайды. Бұдан бөлек 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті əйелдерге, бала емізетін əйелдерге де екпе салынбайды.

 

Вакцина салдырмаған адамдар қалай қорғана алады дегенге келсек, бұл адамдар саламатты өмір салтын ұстануы қажет: құнарлы тамақтанып, иммунитетті көтеретін витаминдерді қолдану жəне құрамы дәрумендерге бай өнімдерді жиі пайдалануы керек. Сонымен қатар, қолыңызды жиі жуып, таза ауада серуендеңіз, дене шынықтырумен, гимнастикамен айналысыңыз жəне адам көп жиналатын орындарға, той-томалаққа бармауға кеңес беремін, - дейді дәрігер.

 

Бүгінде 6 миллионнан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін, ал 4,9 млн адам екінші компонентін алды. Екпе алғандар арасында КВИ-мен ауырғандар кездесті, бірақ оларда вакцина алмаған науқастарға қарағанда ауыру процесі жеңіл өтті дейді мамандар. Мысалы, температураның ең шегі 38 градусқа дейін, əлсіздік, құрғақ жөтел сияқты белгілер ғана болған. Бұл науқастар тез арада емделіп шықты.

 

Қазір Нұр-Сұлтан қаласында да, еліміз бойынша да эпидемиологиялық ахуал көңіл көншітерліктей емес.

 

Қазақстан бойынша күніне 6000-нан астам адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталады. Ең қорқыныштысы, бұл індеттен көз жұмғандар саны да азаймай тұр.

 

Сондықтан дәрігерлер тұрғындарды екпе алуға шақыруда. Бүгінгі таңда тек вакцина ғана коронавирусқа қарсы тұра алатын жалғыз құрал болып саналады.

 

 

 

 

BAQ.KZ

 

 

 




Көрілген: 1357    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.08.2021, 13:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31