Вирус иммунитетті қалай манипуляциялайды...

16 қаңтар 2022, 12:34

Америкалық ғалымдар РС-вирусының (респираторлық-синцитиалды вирус – тыныс жолдарын зақымдап, инфекциялық ауру тудырады – ред.) иммунитетті қалай алдып, организмді қалай зақымдайтынын анықтады.

 

Бұл жаңалық өз кезегінде аталмыш инфекциялық ауруға қарсы екпе мен дәрі-дәрмек әзірлеуге, түптеп келгенде онымен тиімді күресуге көмегін тигізеді.

 

Бұл жайында islam.kz порталы eurekalert.org (нақты сілтемесі: https://www.eurekalert.org/news-releases/931181) ақпарат көзіне және бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі жарияланған Cell Reports мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Сент-Луистегі Вашингтон университетіне қарасты медицина мектебінің ғалымдары аталған вирустың адам организмінің қорғаныс қабілетін әлсіретеді. Респираторлы-синтициалды вирус (RSV) жасуша ядросына еніп, иммундық геннің белсенділігін өзгертетін, осылайша иммунитетті әлсірететін, дәлірегі, инфекциялық ауруға реакциясын төмендететін NS1 ақуызын істеп шығарады.

 

Бұл жаңалық, жоғарыда айтып өткенімізден бөлек, аталмыш инфекциялық дертке шалдыққандардың неліктен демікпеге ұшырайтынын анықтауға де көмектеседі. RSV-ге қарсы тиімділігі жоғары екпе немесе дәрі-дәрмек жоқ.

 

Дегенмен 2019 жылы Science  мерзімді басылымында жарық көрген мақалада айтылғандай, америкалық ғалымдар тиімділігі жоғары алғашқы екпе жасай алған.

 

Аталған зерттеуге атсалысқан медицина доценті, философия докторы Дейзи Люнгтың айтуынша, аталған ақуыз иммунды әлсіретіп қана қоймай, сонымен қатар, вирустың репликациясы (қайталануы, көшірілуі, қысқасы, таралуы – ред.) үшін маңызды рөл ойнайды. RSV — кеңінен тараған қауіпті вирус.

 

Әсіресе, балаларға өш – дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген мәліметке үңілсек, жыл сайын аталған инфекциялық аурудан әлем бойынша шамамен 120 мыңға тарта бала көктей солады.

 

Бір ғана АҚШ-тың өзінде 5 жасқа дейінгі балалардың шамамен 58 мыңы осы дерт бойынша емханаға түсіп жатады. Шартты түрде алсақ, осынау жұқпалы індетке шалдыққан 500 баланың 100-і көктей солған.

 

Бұдан бөлек, жыл сайын аталған инфекциялық аурудан шамамен 14 мың америкалық қарт адам бақилық болып жатады.