Сұрақ-Жауап. Кеңес

Виза алу кезінде жіберілетін қателіктер

  • © islam.kz

    © islam.kz

Әлемнің біз білмейтін елдеріне саяхат жасап, сол елдің дәстүрі мәдениетін тануды әрқайсымыз жақсы көретініміз рас. Біреулер жұмыс бабымен шығып, осындай мүмкіндікке жетіп отыр.


Ал белгілі бір елге шықпаc бұрын оның Қазақстандағы елшілігіне барып виза құжаттарын дайындау керек. Кейде бұл да біраз күрделі талапты қажет етеді. Тіпті, көптеген қателік орын алады. Ендеше, виза алу кезінде қандай қателіктерге жол бермеу керек?


Бұрыс ақпарат


Қарапайым ақпараттарды дұрыс бермеу виза алу мүмкіндігін шегеруі мүмкін. Мысалы, өтініш білдіруші тұлға өзінің туған күні сынды жеке ақпараттарын адасып, бұрыс жазып жіберетін болса, визаға рұқсат берілмейді. Ал жұмыс орныңыз туралы ақпараттан адассаңыз, барғалы жатқан ел алдағы бірнеше жылға дейін сізге өз территориясына кіруге рұқсат бермеуі мүмкін. Кейбір елдің виза талаптарына қонақ үйді алдын ала брондау құжаты да кіреді. Егер сіздің брондаған орныңыз расталмаса, виза жоққа шығарылады. Жеке төлқұжатыңызға қойылған мөр алдағы виза үдерісіне кері әсерін тигізуі ықтимал. Егер елшілікке немесе виза орталығына жасанды құжатпен визаға тапсырыс беретін болсаңыз, салдары заң алдында жауап беруге дейін барады. Шетелден өтірік шақырту сынды құжаттар да мұқият тексеруде өткізіледі. Бұл жағдайда сіз нақты сол елдің қара тізіміне енесіз. Визаға бір рет жете алмау да келесі мүмкіндігіңізді азайтып отырады.


Сізде бар соманың жеткілікті болмауы


Егер сіз өз шығындарыңызды көтере алмасаңыз, виза берілмейді. Оған толық сапарға жұмсалатын соманың жеткіліксіз болуы немесе жалақыңыздың бұл сапарды көтермеуі себеп болады. Елшілік визаның уақыты аяқталғаннан кейін елде қалып қою мүмкіндігін де қарайды. Сондықтан визаға тапсырыс беру кезінде сіздің шетелге ұшып бару мен қайту билеттеріңізді сұрайды.


Шетелге шығу ережелерінің бұзылуы


Мысалы, Еуропалық Одаққа кіретін елдерге шығу визасын, яғни, Шенген визасын алуға өтініш білдірсеңіз, елшілік алдымен сіздің шетелге шығу ережесін бұзбағаныңызды анықтайды. Бұл ең маңызды талаптардың бірі. Ал егер сіз бұрын Шенген аймағында белгіленген мөлшерден де көп уақыт жүріп, ережені бұзған болсаңыз, визаға қол жеткізу біршама күрделі болады. Көбіне рұқсат берілмейді. Себебі, Еуропа заңдарын бұзғандар қара тізімге еніп отырады.


Ешбір мөрі жоқ паспорт


Егер сіз осыған дейін шекара асып көрмеген болсаңыз, визаға ешбір қиындықсыз рұқсат беріледі. Бірақ, қосымша бір құжатыңыз сенімсіздік тудырса, бірден визадан шектелесіз. Бұл елшілер үшін екіжақты күрделі шешім болады. Одан бөлек, осыған дейін сізге бір рет болсын шетелге шығуға рұқсат етілмей қалған болса, сіз тағы визаны алудан құр қалуыңыз ықтимал. Ал оған әріптік қателер себеп болғаны анықталып, кейіннен реттелген болса, виза беріледі. Сондай-ақ, виза алу кезінде медициналық ақпарат жоқ болса немесе елге шығудағы негізгі мақсат айқындалмаған болса, бірден рұқсат етілмейді. Виза алу кезіндегі қарапайым қателіктер – осы. Сондықтан әрбір үдерісті анықтап алып, сосын әрекет етіңіз. Саяхатыңызды қызыққа толы етіп өткізу өз қолыңызда! 


islam.kz




Көрілген: 552    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.03.2019, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы
    3 Мамыр, 20:09
    ӨМІРДІҢ 30 ҚАҒИДАСЫ
    28 Сәуір, 19:29
    Қарыз беру керек пе?
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31