WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

22 желтоқсан 2021, 00:46

WhatsApp мессенджерінде шифрланған хабарламалар мен қоңыраулар туралы ескертпелер пайда болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

 

Жаңа функцияны әзірлеушілер атап өткендей, қосымша пайдаланушыларға мессенджерде сөйлесу қауіпсіз екенін еске салады, деп хабарлайды WABetaInfo.

 

"Мәртебе" және "қоңыраулар" мәзірінде "Сіздің шалған қоңырауларыңыз соңына дейін шифрлармен қорғалған" және "Сіздің мәртебеңіз соңына дейін шифрлармен қорғалған" деген хабарламалар пайда болады. Кейінірек осы сөйлемдер "чаттар" бөлімінде де пайда болады.

 

WhatsApp-тағылар мессенджер пайдаланушыларының чаттары мен қоңыраулары шифрланғанын баса айтады. Оған үшінші адам түгілі, оны әзірлеушілер де кіре алмайды.