Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ыстық ауа райында қатты терлемеу үшін не істеу керек

  • http://russian.cri.cn/

    http://russian.cri.cn/

Аптап ыстықта қатты терлемеу үшін не істеу қажет? Бұл сұраққа дерматовенеролог-дәрігер Юлия Нагайцева жауап берді деп хабарлайды Sputnik радиосы.

 

Маманның айтуынша, тершеңдік - бұл денемізді салқындатуға көмектесетін қорғаныс реакциясы.

 

Осы орайда Юлия Нагайцева аптап ыстықта қатты терлемеудің жолдарын атады.

 

"Гигиеналық шаралар қашан да бірінші орында: таңертеңгі душ, кешкі душ. Қолтық асты аймақтарды сабынмен, душқа арналған гельмен жуыңыз, бұл тердің бетінде тіршілік ететін бактерияларды кетіруге көмектеседі. Кешке душтан кейін антиперспирантты қолдануға болады. Ол тер бездерінің жұмысына кедергі келтіріп, құрамындағы алюминий хлоридінің арқасында терлеуді азайтады, ал жағымсыз иісті жою үшін таңертең дезодорант сепсе болады", - дейді Юлия Нагайцева.

 

Ол сондай-ақ, аяқтың тершеңдігін азайтудың тәсілдері барын алға тартты.

 

Дәрігердің сөзінше, мұндай мәселе әсіресе жазда жабық аяқ киім мен шұлық киетін ер адамдарда жиі кездесіп жатады.

 

"Мұнда да гигиеналық шаралар көмектеседі, сондай-ақ табиғи матадан жасалған шұлықтар мен табиғи былғарыдан тігілген аяқ киім киген абзал. Сонымен қатар, дәріханада құрамында алюминий хлориді бар арнайы препараттар сатылады. Оларды түнде аяққа және алақанға жағып, тер бездерінің белсенділігін төмендету арқылы тердің азырақ бөлінуіне қол жеткізуге болады", - деп кеңес берді Юлия Нагайцева.

 

Маман терлеуді күшейтетін факторлардан мүмкіндігінше аулақ болу керектігін ескертті.

 

"Тамақтануға назар аударыңыз. Мысалы, дәмдеуіштер немесе алкоголь тершеңдікті күшейтеді. Киімге назар аударыңыз: синтетикалық маталар тершеңдікті тудырады, табиғи маталарға артықшылық беруіңіз керек", - деді Юлия Нагайцева.

 

Дәрігер кейде тершеңдік денсаулықтың қандай да бір проблемасының көрінісі болуы мүмкін екендігіне баса назар аударды.

 

Сондықтан, егер қатты терлеу сізді ұзақ уақыт мазалайтын болса, дәрігерге қаралу қажет дейді ол.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1109    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.07.2021, 18:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31