Сұрақ-Жауап. Кеңес

Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ алу

  • Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ алу

    Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ алу

ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) – бұл электрондық құжатқа қолы қойылған және мөрмен бекітілген қағаз жеткізгіштегі құжат сияқты заң күшін беру үшін пайдаланылатын өзі қойған қолының аналогы. ЭЦҚ алуға өтінімді ҚР ҰКО сайтының арнайы бөлімі арқылы онлайн режимінде беруге болады. Өтінімді қауіпсіздік мақсатында дербес компьютерден беру ұсынылады. 1. Ең алдымен pki.gov.kz сайтындағы «Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ алу» бөліміне кіресіз.

2. Одан кейін мәртебеңізді көрсете отырып қажетті ҚР ҰКО тіркеу куәліктерінің үлгісін таңдауыңыз қажет. (Ол мекеменің бірінші басшысы, қол қою құқығы бар жұмыскер немесе қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер және т.б. болуы мүмкін).

3. Онлайн-өтінімді бергеннен кейін сізге оны растау үшін ХҚО-ға бару қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз, уәкілетті тұлғаның растайтын құжаттары мен басып шығарылған өтінім болуы қажет. Тексергеннен кейін оператор растауды жасайды және сіз ЭЦҚ өз компьютеріңізге жүктеп, оған өз пароліңізді орната аласыз. Міне, енді сіз электрондық үкімет порталымен жұмысты бастай аласыз.

Ø ЭЦҚ пайдалана отырып заңды тұлғалар келесідей артықшылықтарға қол жеткізбек: •Электрондық сауда-саттыққа қатысу; •Жеке қатысуынсыз банктік операцияларды орындау; •Жеке қатысуынсыз электронды есептерді тапсыру; •Компанияны қашықтықтан басқару және т.б. ЭЦҚ-ны түрлі ақпарат жеткізгіштерінде сақтауға болады, бірақ бұл ретте ол бөтен қолға түспеуін жауапкершілікпен қадағалау қажет. ❗ЭЦҚ-ның қолданыс мерзімі 1 жыл, бірақ пайдаланушы оны электронды порталда мерзімі өтіп кетпей тұрып тағы бір жылға ұзарта алады.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының

баспасөз қызметі 




Көрілген: 501    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.01.2020, 14:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?
    4 Қаңтар, 12:54
    Адам неге кекіреді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29