Заңгер Қазақстан туын қандай жағдайларда, қай жерде пайдалануға болатынын айтты

04 маусым 2022, 17:30

Бүгін, 4 маусым, Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілуде. Заң ғылымдарының магистрі Нұржан Мақсатов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалануға қатысты заңдық нормалар жайында айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына келетін болсақ, ол белгілі бір жерлерде, белгілі бір күндерде ғана ілінуі мүмкін. Уәкілетті органдардың келісімінсіз жалауды ілу ұсынылмайды, деп түсіндірді адвокат.

Тұрғын үйлерге, оның ішінде балкондарға жалауды іліп қою мәселе әлі де ашық күйінде қалып отыр. Сондай-ақ, Үкімет көліктерге жалауша іліп алу мәселесін әлі реттемеген.

Мен елімізде адамдардың мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарай бастағанын байқадым. Шымкенттегі футбол матчы кезінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның негізгі ғимаратының шатыры құлаған кезді мысалға алуға болады. Бақытымызға орай, ол кезде ешкім зардап шеккен жоқ. Бастысы, үйінді астынан адамдар туды алып шықты. Мұндай сәттер қазақстандықтардың мемлекеттік рәміздерге деген патриоттық және құрметпен қарайтындығын көрсетеді, - деді заңгер Нұржан Мақсатов.

Мереке күндері ел азаматтары балкондарына, үйлердің жақтауына мемлекеттік туды өз еркімен іліп қоя алады, бұл ретте айыппұлдан қорықпай-ақ қойса болады, деп атап өтті заңгер.

Туды Мемлекеттік рәміздер күні, Тәуелсіздік Күні, Конституция күні сынды мерекелерде ғана орнатуға болады.

Сондай-ақ, жалау спорттық іс-шаралар кезінде де қолданылады. Сонымен қатар, арнайы спорттық іс-шаралар бар, онда жалауды алып шығу мен әкету белгілі бір ерекше жолмен жүзеге асырылады.

— Мысалы, егер жанкүйер еліміздің туын иығына жауып алса, бұл заң бұзушылық болып саналады ма?

— Менің ойымша, мұнда тұрған дәнеме жоқ. Бұл осы азаматтың, керісінше, белгілі бір елге, командаға жататындығын көрсетеді.