Сұрақ-Жауап. Кеңес

Зейнетақы жинағы үй жөндеуге беріле ме?

  • Фото: NewTimes.kz / Ертай Ыдырыш

    Фото: NewTimes.kz / Ертай Ыдырыш

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін пәтерді жөндеуге пайдалана алмайды. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Мемлекеттік органдарға жолданған ережелер жобасында зейнетақы жинағының бір бөлігін пәтерді ағымдағы жөндеуге жұмсау мақсаты қарастырылмаған", - деді Ибрагимова зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты баспасөз мәслихатында.

 

Яғни, оның айтуынша, баспанасы бар азамат тұрып жатқан пәтерін зейнетақы шотындағы ақшаға жөндей алмайды.

 

"Қазір көбі зейнетақы жинағын баспананың жөндеу жұмыстарына шешіп алуға рұқсат беруді сұрайды. Бірақ біздің позициямыз мынадай: мемлекет жиырма екі жыл бойы зейнетақы жинағының сақталуын қамтамасыз етіп келді, сол себепті ағымдағы жөндеу &ndash қалай дегенмен де ағымдағы шығындар", - деді басқарма басшысы.

 

Ол зейнетақы жинағын қандай жағдайда жөндеуге пайдалануға болатынын да айтты.

 

"Егер банк қарызы туралы келісімшартта бастапқы нарықтағы пәтерді сатып алу және жөндеу көрсетілсе, онда рұқсат етіледі", - деді Ибрагимова.

 

Айта кетсек, 2021 жылдың қаңтарынан бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат етіледі. Ақшаны баспана сатып алуға, емге жұмсауға болады.

 

Еңбек министрлігінің мәліметінше, келесі жылы шамамен 1 миллион адам осындай мүмкіндікке ие болады.

 

 

 




Көрілген: 4688    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.12.2020, 21:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31