Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Зейнетақы қалай белгіленгенін білгім келеді

28 қараша 2012, 12:01

Мен 1973 жылға дейін 15 жыл бойы бір шахтада көмір қаздым. Одан кейін зауытқа адам жетіспегендіктен, біраз адаммен бірге сонда ауыстым. Соғыс жылдары тылда жұмыс істегенімді де айта кету керек. Қазір 45 мың теңге зейнетақы аламын. Менімен бірге істегендердің зейнетақысы анағұрлым көп. Осыны түсіндіріп бересіздер ме? Зейнетақы мөлшерін анықтауда еңбек өтілі қалай есептеледі?
Дегдар ҚАЗІРЕТҰЛЫ,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Жыл сайынғы зейнетақы төлем­де­рінің мөлшерін арттыру ҚР Үкіметі бел­гілеген тәр­тіп­т­е және әрбір зейнеткердің зей­нетақы ісін­дегі құжаттарының не­гі­зінде жүргізіледі. Әр зей­неткердің өз жұ­мыс өтілі мен табысы бар, сон­дықтан зей­нетақыны арттыру барлығына бір­дей болуы мүмкін емес. Зейнетақыны есеп­­теу үшін ұсынылған жалақы әртүрлі бо­­ла­ды. Сіз алып отырған зейнетақы тө­лем­де­ріңіздің мөлшері қолданыстағы заң нор­маларына сәйкес есептелмеген деп санасаңыз, ал­дымен ҚР Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау ми­нистр­лігіне зейнетақы мөлшерін тек­серу ту­ралы өтініш бере аласыз.