Зейнетақы төлемдерін Отбасы банктегі депозитке қалай аудару керек – видео

29 желтоқсан 2021, 18:50

Қазақстандықтарға "Отбасы банкте" біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен депозитті қалай толтыру керектігі түсіндірілді

 

"Отбасы банктегі" депозитті біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен толықтыру мүмкіндігі пайда болды. Мұны қалай жасау керектігі "Отбасы Банкі" YouTube-арнасында жарияланған бейне нұсқаулықта түсіндіріледі.

 

Артық зейнетақы жинағын банкке аудару үшін электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.enpf-otbasy.kz платформасына кіру керек. Жеке кабинетте қолданыстағы депозит пен арнайы шоттың болуын тексеріңіз. Егер "Отбасы банкте" қолданыстағы депозит болмаса, оны алдын ала ашу қажет.

 

Артық ақшаны "Отбасы банк" депозиті көмегімен тұрғын үй сатып алу үшін үш жыл ішінде пайдалану керек. Егер банк клиенті ақшаны осы мерзімде пайдаланбаса, сома зейнетақы қорына оралады.

 

Зейнетақы төлемін депозитке қалай аудару керектігін видеодан көре аласыз.

 

 

 

sputnik.kz