Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Зейнетақыны қайта есептетуге бола ма?

23 қараша 2012, 12:47

Мен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында  1991 жылдан 1995 жылға дейін инженер болып жұмыс істедім. 1995 жылы мекеме Алматы қаласына  көшіп кетті. Содан жұмыссыз қалдым. 2001 жылы «Қаскелең РЭС-ке» жұмысқа тұрып, сонда 2003 жылға дейін істедім. 2005 жылы зейнеткерлікке шықтым. Бірақ маған ең төменгі зейнетақы тағайындады. 34 жылдық еңбек өтілім ескерілмей ме? Жалақы туралы қосымша анықтама болса, зейнетақы қайта қарала ма?
Жарылғап ЖАРЫЛҚАСЫНОВ,
Алматы облысы
Қолданыстағы зейнетақы заң­на­ма­ла­рына сәйкес, зейнетақы төлем­де­рін та­ға­йындауға азаматтардың ең­­бек өтілі мен 1995 жылғы 1 қаң­тар­дан бастап қата­рынан кез келген үш жыл жұмыс үшін орташа айлық та­­­бысын негізге ала отырып жүзеге асы­­­рылады (негізі: «Қа­зақстан Рес­пу­бли­ка­сында зейнетақымен қам­­­сыз­­дан­дыру туралы» Қазақстан Рес­пу­бликасының Заңы).
Жасыңызға байланысты зейнетақы 2005 жылдың наурыз айында 34 жыл ең­­бек өтіліңізбен және 2001-2003 жыл­­­дар аралығында орташа еңбек­ақы­­ңыз есеп­ке алынып та­ға­йын­дал­ған.
Бұл ретте еңбек өтіліңіз бен айлық табысыңыздан есептелген зейнетақы төлемінің мөлшері рес­пу­бли­ка­лық бюджет заңында белгіленген ең төменгі зей­нет­ақы мөлшерінен кем болған. Сон­дық­тан заң нор­маларына сәйкес, сізге кепілден­ді­ріл­ген ең тө­менгі зейнетақы тағайындалған.
Қа­зіргі кезде сіздің алып отырған зейнетақы төлемдеріңіз қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес есептелген.
Зейнетақы мөлшерлерін қайта қарау үшін зей­нетақы алушы тек зейнетақыны тағайындауда ұсын­ған құжаттарды толықтыратын табысы туралы құ­жаттарды тапсырған жағдайда ғана мүмкін.
Осыған орай, сіздің 1991-1995 жылдар ара­лығындағы жалақы туралы анықтамаларды есепке алып, зейнетақы мөлшерін қайта қарастыруға құ­қық­тық негіздер жоқ.