Қамшы

Сапалы сүтке қашан қол жеткіземіз?

  • Сапалы сүтке қашан қол жеткіземіз?

    Сапалы сүтке қашан қол жеткіземіз?

Қазақстанның сүт экспорттайтын державаға айналуына толық мүмкіндігі бар. Бұған тәжірибеміз де, мамандарымыз да жеткілікті. Далиған қазақ даласының кез келген пұшпағына мал өсіруге болады. Бірақ, өкінішке қарай, біз қолда бар мүмкіндікті іске асыра алмай отырмыз.


Бізде сүт жеткілікті

Жуырда Қазақстан сүт одағы арнайы мониторингтік зерттеу жүргізді. Оның нәтижесі бойынша, азаматтарымыздың 80 пайызы отандық сүт өнімдерін тұтынуды жөн санайды екен. Олай болса, неге тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырмасқа? Бұл сұраққа жауап бермес үшін алдымен сүт саласында қордаланған бірнеше мәселеге тоқталып өтейік. Біріншіден, бүгінгі күні елімізге сүт, негізінен, Ресей, Беларусь, Қытайдан импортталады. Мамандардың айтуынша, 2007 жылдан бастап импорт сүттің көлемі артып, отандық өнім көлемі азайған. «Зауыттарымыз болса барлық сүт өнімдерінің тек 30 пайызын ғана өңдейді. Қалған сүт қайда? Ауыл тұрғындары осыншама сүтті ішіп қоймайды ғой. Демек, бұл жерде санақ дұрыс жүргізілмейді немесе кәсіпорындар салық төлеуден жалтарып, нақты есепті көрсеткісі келмейді», – дейді экономика ғылымының докторы Санат Құрманғалиев. Ал біз шетелден жылына 2 млн тонна сүт тасымалдап отырмыз.


Сапасыз сүттен уланып жатырмыз

Бүгінде азаматтарымыз шетелден келетін сүт өнімдерінен де, отандық сүттен де көптеген ауруларды жұқтырып жатыр. Мәселен, бізде сырттан келетін сүт өнімдерінің құрамын, сапасын тексеріп отыратын арнайы зертханалар жоқ. Екіншіден, қарабазарларға шығатын сүттің көлемі артып келеді. Оларға тосқауыл қоюдың тиімді жолдары қарастырылмаған. Дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, сапасыз сүттің кесірінен жылына төрт мың адам бруцеллез кеселіне шалдығады, олардың 30 пайызы – қалалық жерлердің тұрғындары. Сонымен бірге аталған дертке тап болғандардың шамамен 8 пайызы соңыра мүгедек атанады. «Аулаларда, қарабазарларда сатылатын сүттің сапасы төмен, нәрі жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық стансының мамандары мұндай өнімдер арқылы жұқпалы аурулардың таралатынын дәлелдеді. Шынын айтқанда, кейбір саудагерлер өз бөшкесін толтыру үшін ондаған ұсақ өндірушінің өнімін алады да, кейін оның сапасына жауап бермейді», – дейді Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Юрий Синявский.


Бұл мәселенің шешімін Кеден одағы арқылы табуға болар деп үміттенеміз. Бірақ олардан келетін арзан өнімдердің әсерінен біздегі кәсіпорындар тоқырауы кәдік деген үрей де жоқ емес. Ең бастысы, кәсіпкерлеріміз бен мамандарымыз бәсекелестікке дайын болуы керек. Олай болмаса, отандық сапалы сүтке жақын арада қол жеткізуіміз екіталай.


 




Көрілген: 3565    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.04.2010, 10:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31