Қаржы сауаты

Ақша шақыратын ең үздің аффирмациялар

  • Ақша шақыратын ең үздің аффирмациялар

    Ақша шақыратын ең үздің аффирмациялар

Мен қалағанымды аламын, тілегеніме жетемін.
Мен ақшаға ашықпын, ақша маған ғашық.
Ақша маған еш қиындықсыз, оңай келеді.
Өзімнің бай болуыма және қалаған нәрсемді істеуіме рұқсат етемін.
Еш қиындықсыз бай бола аламын.
Ғалам мені молшылыққа бөлейді.
Мен бай, табысты адам болуға лайықтымын!
Менде әрдайым артық ақша жүреді.
Қазір өмірімдегі ақша ағымы өте жақсы.
Мен банкте ақша сақтауға және жинауға лайықпын.
Мен бар жақсылыққа лайықпын, ол өмірімде дәл қазір орын алады.
Мен қаржылай тәуелсізбін және бар қажетімді өтей аламын.
Мен бармын, баймын, менде бәрі бар, мен бақыттымын!
Өркендегенді ұнатамын және оны әлеммен еркін бөлісемін.
Менің кірісім күннен күнге өсуде.
Маған бай болған ұнайды. Ұлы байлық маған қарай ағылуда.
Өркендеу жолымдағы бүкіл кедергілер берекеге ұласып кетеді.
Менің санам пайдалы идеяларды тартатын қуатты магнит.
Барлық қарым-қатынас сәтті өтетіні үшін қуаныштымын.
Қазір мен өзіме ұнайтын нәрсемен айналысамын.
Менің әр күнім таңғжайыптарға толы.
Менің жұмысым тамаша, қызмет жолым керемет.
Жақсы айлық алу үшін жақсы жұмыс істеймін.
Маған берілген барлық игіліктер үшін Жаратушығы зор алғыс білдіремін.
Өз өмірімде жақсы нәрселерге ие болуға және одан ләззат алуға мүмкіндік беремін.
Бұл сөздерді бір оқып шыққаннан кейін-ақ санаңызда молшылық ағымының кеңейе түскенін сезінген боларсыз. Осыларды қайта-қайта қайталап, ақшаны өзіңізге жақындатуды жалғастырыңыз. Қайталап оқи беріңіз. Ішінен өзіңізге ең жақынын жаттап алып, күнде қайталаңыз. Оған өзіңізге жағымды, жаныңызды жадырататын сөздерді қосып отыруға да болады.

 Байлық шақыратын сөздермен қалай жұмыс істейміз?

Өзіңізді бұл сөздерге бірден сендіре қою мүмкін емес. Түпсана сана сенбейтін нәрсені қабылдай алмайды. Сондықтан ең алдымен санаға жаңа бағдарламаны орнату қажет. Мұның бәрі өміріңізде шынайы көрініс алу үшін барлығына шын ниетпен кірісіп, өзгеріске дайын болыңыз.

Сөздерді санаға сіңдіру үшін не істек керек?

Сөздерді әрдайым қайталап отырыңыз. Яғни, күнде 100-ден 150-ге дейін қайталаған абзал. Оны бірнеше &ndash 7 күннен 21 күнге дейін қайталау керек.

Осыны шынайы түрде жасайтын болсаңыз, 200% нәтижесін көретініңіз анық. Ал, еріншектікке жол берсеңіз, баяғы орныңыздан жылжи қоюыңыз екіталай. Өз-өзіңізбен жұмыс істеуге дайын болсаңыз, осындай аффирмацияларды таңдаңыз.

Ақша шақыратын сөздердің құдіретін қалай арттыруға болады?

Миды тыныштандыру.

Бұл сөздерді үйде тыныштықта немесе бірқалыпты жұмыс істеп жүргенде айтуға болады. Ең бастысы &ndash дене босаңсып, ми ақпаратқа ашық болуы тиіс. Санаға жаңа ойды сіңдіру үшін мидағы барлық ойлар ағынынын тоқтатып, медитация жасаңыз. Оған арнайы музыкалар тыңдауға да болады.

Көңілді толқылту.

Ұнамды сөздерді ойлаған кезде эмоцияны іске қосыңыз. Оған «бояулар» қосып, қуаныңыз, күлімдеңіз, дәмеленіп, алғыс білдіріңіз.

Дауыстап айту.

Ақша шақыратын сөздерді айтатын кезде дауыстың да ерекше рөл атақаратыны анықталған. Сондықтан адам бұл сөздерді айтқан кезде дауыстап, кейде айнаға қарап айтқаны дұрыс. Бұл әдістің ерекше әсер қалдыратыны сөзсіз. Тәжірибеде сөздің құдіретін  арттырудың көптеген жолдары бар. Ізденіңіз, талмаңыз. Жақсылыққа ұмтылыңыз.




Көрілген: 5217    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 13:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Сәуір, 13:09
    Ақшалы болу үшін...
    1 Сәуір, 13:52
    Ақша көбейту үшін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31