Қаржы сауаты

Әмиянның түсі табысыңызға қалай әсер етеді? Нумеролог кеңесі

  • Әмиянның түсі табысыңызға қалай әсер етеді? Нумеролог кеңесі

    Әмиянның түсі табысыңызға қалай әсер етеді? Нумеролог кеңесі

Әмиянды ақша энергиясының генераторы дейді. Бұл қаншалықты рас? Нумеролог маман Гүлістан Қайратқызы сұрағымызға жауап берді.

Әмиян ақшаға жайлы болуы үшін біріншіден оның сыртына, түсіне мән беру керек. Маманның айтуынша, адамның туған күніндегі сандарды қосу арқылы оған қандай түсті әмиянның қолайлы екенін анықтауға болады.

Мысалы, (01.09.1963) 1+9+1+9+6+9=35=3+5=8. Соңғы шыққан сан бойынша әмиянның түсін анықтауға болады.

Егер соңында 3, 5, 7 сандары шықса, әмиянның түсі қызыл болғаны жөн.

1, 2, 8 сандары шықса, әмиянның түсі қара болғаны жақсы.

4, 6, 9 сандары шықса, түсі көк болғаны абзал.

Қызыл әмиян ақша шақырады, ол көп шығындалуыңызға да себепкер. Бұл сол әмиян иесінің мінезіне байланысты, яғни теңдеудің соңында 3, 5, 7 сандары шыққан адамдар &ndash қай нәрсеге болсын ашық, тынышсыз жандар. Үнемі шабыт, энергия іздеп жүретін жандар үшін қызыл әмиян &ndash жақсы таңдау.  Егер қомақты қаражат жинағыңыз келсе, қызыл әмиянның сапалы былғарыдан, лакталған әрі қымбат болғаны дұрыс.

Қара, қоңыр түсті әмияндар &ndash даналықтың белгісі. Туу датасындағы цифрлардың қосындысында 1, 2, 8 сандары шыққан адамдар өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйеніп өмір сүреді. Олар мықты, тұрақты. Сондықтан қара түсті әмиян мен сіздің энергияңыз жақсы үйлесім тауып, керек қаражат әрдайым әмияныңыздан табылады.

Көк әмиянды күлгін түспен алмастыруға болады, тек көк түспен емес. Туған күн датасының қосындысы 4, 6 немесе 9 сандарына тең болып шыққан адамдар сәттілікке және өзінің бірнәрсені алдын ала сезетініне сенеді. Мұндай жандардың жан дүниесі бай келеді. Олар кез келген қиындықты жеңіп шыға алады. Сондықтан көк түсті әмиян оларға кез келген сыннан өтуге сенім береді.

Нумерологтың айтуынша, әмиянды жиі ауыстыруға болмайды. Әмиянға ақшаны ретімен әдемілеп салу керек және оның шеттері бүктелмеген болсын. Ақшаға ұқыпты болсаңыз, ол да сондай қарым-қатынас жасайды. Әмиян биоөрісіңізге сай болуы керек.




Көрілген: 4070    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2021, 01:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Сәуір, 13:09
    Ақшалы болу үшін...
    1 Сәуір, 13:52
    Ақша көбейту үшін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31