Қаржы сауаты

Банктен несие алу күнә емес

  • Банктен несие алу күнә емес

    Банктен несие алу күнә емес

Кей жағдайда шариғат арам өлген малдың етін жеуге үкім береді. Сондықтан «несие алу күнә» деп қарап отыруға болмайды. Бүгінде еліміздің әрбір азаматының басында екінші деңгейлі банктен алған несиесі бар. Осы несиенің арқасында кәсіп ашып немесе пәтер сатып алып жатқан жандар қаншама. Ал ҚМДБ банктен несие алуды «күнә» деп ауыр айыптайды.

Бірақ бүгінгі заманның ағымына сәйкес, несие алып жұмыс істемеу мүмкін емес болып отыр. Қазіргі таңда елімізде 9,6 млн ересек адам болса, оның 7,3 миллионы екінші деңгейлі банктен несие алған. Өкінішке қарай 1,1 млн борышкер 3 айдан астам уақыт бойы қарызын төлей алмай жүр. Бұл әрине, әттеген-ай дейтін жағдай. Әйтсе де бұған несие пайызының жоғары болуы немесе кей адамның қаржыны мақсатсыз жұмсауы түрткі болып отыр. Бірақ та арамызда несиенің арқасында үй алып, шаруасын жасап отырған азаматтар баршылық. Міне, осы азаматтарға имамдардың «несие алу күнә» деп қарауы қаншалықты қисынды? Белгілі дінтанушы Досай Кенжетайдың айтуынша, банктен несие алу – харам саналады. Алайда ол қазіргі жағдайда банктен несие алмай өмір сүру мүмкін емес екенін алға тартып отыр. «Өмірлік қажеттілік адамды несие алуға мәжбүрлейді, басқа шара жоқ. Өйткені өмір сүріп жатқан қоғамның тұрмысынан сырт қалу мүмкін емес. Міне, осындай қиындық пен мұқтаждық діндар мұсылманға ислам шарттарына сәйкес өмір сүруге мүмкіндік бермей отыр. Ислам шарттарын бұлжытпай орындау үшін белгілі жағдай қажет. Ал жағдай болмаса, мың жерден «өсімге несие алуға болмайды» десең де, ешкім сөзіңе құлақ аспайды. Имам ағзам Әбу Ханифаның басты қағидасына сүйенсек, қандай да бір нәрсе белгілі жағдай болғанда ғана жүзеге асады. Түрлі жағдайда жүзеге асқан әрекеттердің үкімі де бірдей бола алмайды. Ең басты шарт – жағдай жасау. Сондықтан «несие алу харам» деген ұғымды жағдай мен уақыт аясында қарастырған жөн», – дейді Досай Кенжетай. «Несие күнә» деп қарап отыруға болмайды Дінтанушының айтуынша, кей жағдайда шариғат арам өлген малдың етін жеуге үкім береді. Сондықтан да ол «несие алу күнә» деп қарап отыруға болмайды деген пікірде. Өйткені мәжбүрлік пен жағдай кейде кез-келген үкімді қайта қарауға итермелейді. «Мәселен кей адамдар банктен несие алып, жер сатып алады. Егер олар несие алып үй салып алмаса, бала-шағасымен пәтер жалдап, біреудің босағасында жүреді. Өйткені банктен қарызға алған ақшаңды өзің өтейсің, ал егер исламның қатып қалған қағидасын ұстансаң, тұрған үйің үшін біреуге өмірбақи жалақы төлеп өтесің. Сондықтан имамдар несие мәселесіне жаңа көзқарас тұрғысынан қарауы керек. Қазір Түркия, Иран сынды мұсылман мемлекеттерінде заманауи банк жүйесі қалыптасқан. Алайда кей елдер әлі күнге дейін исламның қатып қалған қағидаларынан құтыла алмай отыр. Сондықтан несиелеу шарттарын мұқият зерделеген жөн. Осы орайда адамның және қоғамның қажеттілігін басшылыққа алу қажет, банк жүйесін солардың мұқтаждығына бейімдеген жөн», – дейді дінтанушы. Қарыз алып харекет жасау керек Ал дінтанушы Омар Жәлелұлының айтуынша, несие алып жұмыс істеу харекет саналады. Өйткені қазақ «Қарыз ал да қатын ал, қатының қалар қасыңда» деп тектен тек айтпаған. «Жалпы қарыздың екі түрі бар. Бірі белшеңнен ми батпаққа бататын қарыз, екінші, алған ақшаңды қайтарып, оның үстінен еселеп пайда табатын қарыз. Бірақ бұл екеуі егіз. Әйтсе де осы екі дүниені ақылмен айыра біліп жұмыс істейтін болсаңыз күнә емес. Неге? Себебі Құранда «Шошқаның еті мен арақ – харам. Егер сенің өміріңе қауіп төніп тұрса, ол күнә емес» дейді. Аштан өліп бара жатсаң немесе біреу сені мәжбүрлесе, шошқаның етін жеуге болады. Осыдан шығатын қорытынды, өліп бара жатсаң да қарыз алмай, о дүниеге кеткен жақсы ма, жоқ әлде қарыз алып көтерілген дұрыс па? Әрине қарыз алып, тығырықтан шыққан дұрыс», – дейді Омар Жәләлұлы.

Серік Тасболат




Көрілген: 3651    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.03.2021, 13:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Сәуір, 13:09
    Ақшалы болу үшін...
    1 Сәуір, 13:52
    Ақша көбейту үшін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31