Қаржылық сауатсыздық суицидке итермелеуде!

Қаржылық сауатсыздық суицидке итермелеуде!

Қазақ пен қарыз егіз ұғымға айналғалы қаш-ш-шан. Несиесіз халық сирек. Ең сорақысы қажеттілікпен алған несиенің өмір құнына айналуы қоғамымызда жиілеп барады. Алған несиесін өтей алмағандықтан, қарызға белшесінен батқандар несиеден құтылудың жалғыз жолы ретінде өз-өзіне қол жұмсауы мәселенің өзекті екенін аңғартады. Мәселен Павлодарда жас жігіт ипотекалық не­с­ие­сін төлей алмай, оныншы қабаттан секіріп кеткен. Алматыда қарызға белше­сінен батқан әйелдің жүйкесі сыр беріп, жындыханадан бір-ақ шыққан. Шымкентте де қарызға батқан борышкер асылып өлген. Бұл – соңғы жылдары орын алған фактілердің елге жария болғандары ғана.

         Алайда несие алғандардың барлығы несие төлеуден қашып, «қара тізімге» еніп, суицидке ұрынып жатқан жоқ. Несие алып қажетін өтеп, әлеуметтік жағдайын дұрыстап, банктен алған қаржысын тиімді пайдаланып отырғандар да жетерлік. Атап өтер жайт, несиемен өмір сүру тек бізде ғана емес. Көптеген елдің тұрғындары несиемен өмір сүруге қалыпты жағдай ретінде қарайды. Кез келген жерде несиелік картамен есеп айырысып, ипотекалық несиемен жылдар бойына өмір сүре береді. Сондықтан банк десе тонап кететін мекемедей шоши қарап, «несиесі бар келін екен» деп, алған келінін ертеңіне төркініне қайта апарып тастап, несиесі барға шоши қарамай, банк пен несиені қаржылық сауаттылықпен пайдаланатын кез жеткендей. Өйткені банктер мен банк өнімдерінің халыққа арналған игіліктері жыл өткен сайын көбейіп келеді. Қазіргі таңда банктердің заман сұранысына сай бейімделіп, онлайн қызметке, цифрлы платформаларға, технологиялық компанияға айнала бастауы халықтың уақыты мен қаржысын үнемдеуге айтарлықтай ықпал етуде. Осы орайда қаржыгер Ілияс Исаев «Бізге әртүрлі мәселелермен құқықтық көмек сұраған адамдар көп келеді. Солардың шамамен 20-30 пайызы банктермен арадағы дауды шешуді сұрайды. Несиені өзінің мүмкіндігін есептемей алатындар көп. Жалпы біз банкты тек несие алып, несие төлейтін жер деп қана елестетіп алғанбыз. Бүгінгі күні банктың көптеген қызметтері халыққа өте қолайлы. Мәселен банктердің мобильдік қосымшасы арқылы үйден шықпай-ақ комиссиясыз ипотекалық несие төлеп, ай сайын қолыңдағы телефонның мобильдік қосымшасы арқылы коммуналдық қызметтің төлемақыларын төлеу жолға қойылып келеді. Әсіресе банктердің жедел аударымдары карантин кезінде өте қолайлы болды. Қолдан қолға көп өтетін ақшаның вирус жұқтыру қаупі жоғары екенін ескерсек, үйде отырып төлем жасап, азық-түлік, керек жарақты үйге алдыру мүмкіндігі көп қолданылды. Қоғамдық көлікке мінген соң жолақы таусылып қалғанын байқасаңыз да, банктың мобилдік қосымшасы арқылы «Оңай» картасын тез, оңай толтыру мүмкіндігі бар. Телефонда бірлік таусылып қалса да қолымыздағы телефоннан банктің қосымшасы арқылы бірлік салып алуға болады. Ең бастысы осы қызметтерді қолдана отырып, комиссиясыз төлеп жасап қана қоймай, бонустар жинауға болады. Ал кейін ол бонустарды телефонға бірлік ретінде де, жолақы ретінде де қолдануға жарайды. Тізе берсек банктің қосымшасы арқылы жасалатын қызметтердің саны уақыт өткен сайын артып келеді. Күнделікті қолданатын, көптеген қызметтердің барлығын бірдей телефоныңызға жүктеуге қолайсыз болса банктың бір мобилдік қосымшасының көмегімен талай қызметтерді қолдану мүмкіндігі бар. Мәселен банктың қосымшасы арқылы айыппұлыңыз бен, салықтық берешек бар жоғын, кез келген жерге кірерде «Ашық» қызметін де пайдалануға болады. Мұндай қызметтер еліміздегі банктердің халық көңілінен шығу үшін жасап жатқан әрекеттері. Негізінен халық қаржылық сауатының төмендігінен алған несиесін төлей алмай жатады. Сондықтан банктың қолайлы қызметтерін қолдануға арқылы, халықтың қаржылық сауатын көтеруге ден қою керек. Дұрыс қолдана білсек, банктен алатын несие арқылы ойға алған ісіңді тезірек бітіріп, қандай да бір ісіңді жолға қоюға болады. Банктың қызметін пайдалану арқылы, банкке пайыздап несие төлеуден де бұрын, бонустар жинап пайда көруге де болады. Ең бастысы қаржылық сауаттылық» дейді.

Расында да соңғы кездері банктердің қосымшалары арқылы жасалатын түрлі қызметтер халыққа өте қолайлы болуда. Мәселен елімізде ақылы жолдардың көбеюі халықтың наразылығын туғызуда. Әсіресе ақылы жолдардағы төлем бекеттерінде ұзын сонар кезек көптеген көлік жүргізушілерінің уақытын алары сөзсіз. Ұзақ жолдардан келе жатқан көліктер жолда көп аялдағысы келмейді. Сондықтан ақылы жол ақысын алдын-ала  50% жеңілдікпен төлеп, ақылы жолдардағы бекеттен арнайы жолақпен санаулы секундта өте шығуға да болады. Бұл да банк секторының халықтың көңілінен шығу үшін жасап жатқан оң талпынысы. Халық осы қызметтерді пайдалануды меңгерсе қаржылық сауаттылығы да жоғарылап, банктен несие алар кезде де сол несиені уақытылы жауып, «қара тізімге» түспеудің жолдарын іздер еді. Әйпесе қазір банктың қара тізімінде болғандықтан, олардың тиімді мүмкіндіктерінен де қағылып, пайызы банктен әлденеше есе жоғары шағын қаржылық ұйымдарға желініп жүргендер аз емес. Шын мәнінде несиені алып уақытылы төлеу, несиені тиімді пайдалану халық пен банк арасын жақындатып қана қоймай, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына да оң әсерін тигізеді. Қаржыдан қысылғанда банкке жүгіріп, несие алып төлей алмаса банктердің жамандаумен мәселе шешілмесі анық.

«Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» қоғамдық қорының төрайымы Маргарита Өскембаеваның айтуынша 2020 жылғы жағдай бойынша суицидтің 49% -ында «денсаулық мәселелері» бойынша яғни, психикалық ауытқу, күйзеліс салдарынан өз өзіне қол жұмсаса,  суицидтің 17% -ында қаржылық тарығу, кедейлікке қатысты мәселелер түрткі болады екен. Ал өз өзіне қол жұмсаудың  15% тұрмыстық мәселелер итермелесе, «жұмыс орнындағы мәселелер» суицидке барушылардың 10% -ы на себеп болған. Сондықтан халықтың қаржылық сауатын көтеріп, несиені уақытылы төлеу, қайтсек несиені тезірек жабамыз, деген мәселелер төңірегінде экономистердің пікірі маңызды болып отыр.

Жанұзақ ӘКІМ, экономист:

- Халқымыз несие алуға ұмтылғанымен, оның салдары жөнінде ойлана бермейді. Өз аяғымен барып несие алып отырып, төленбей қалып, іс сотқа дейін жетсе, немесе коллекторлар мазаласа банкті кінәлап шыға келеді. Коллекторлар адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеуде деп ренжиді. Сондықтан ұзақмерзімді несие алмау керек. Өйткені тым ұзық уақыт төленетін несие адамға психологиялық ауыр соққы береді. 15 немесе 20 жылға несие алған адам бес-алты жылдан кейін жан-жақты шаршап, қалжырайды. Күйзеліске түседі. Осының салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған адамдар өмірде кездеспейді емес, кездеседі. Мүмкіндігінше несие аларда артығымен төлеп тезірек жабу жолдарын банктен сұрастырған жөн. Несие аларда ешқашан арадағы делдалға жүгінбеңіз. Тікелей банкке барыңыз. Көп жағдайда несие алушылар дайын құжаттарын делдалдарға сеніп тапсыра салады. Ал делдал саусағын қимылдатпаса да, ақшаны қымқырып қалуға тырысады. Сондай ақ аннуитет деген бар, халық оны білмей қол қоя салады. Сосын ай сайын 100 мың теңге төлесе, соның үш пайызы, яғни 3 мың теңгесі ғана негізгі қарызды жабады, ал қалған 97 мыңы – банктің пайдасы. Бұл көлемі үлкен несиелерде көп кездеседі. Сондықтан несиенің үстемесі мен шартына назар аудару керек. Банктің сеніміне ие болу үшін аз көлемде несиелер алып, уақытылы қайтарып үйрену керек. Сонда кейін ірі көлемдегі несие кезінде көп қиналмайсыз. Кейбір зерттеулер бойынша, несие алған адамдардың 40 пайызы шартты дұрыс түсінбегендіктен ал­д­а­нып қалады екен. Несие алатындар ертең қаржылық жағдайым бү­гінгіден жақсарып, несиені өтей саламын деген алдамшы сенімге бой алдырады. Ешқашан төлей алатыныңа сенімді болмасаң несиеге ұрынбау керек.

 

Қуаныш Ермекова

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста