Қаржылық сауатты арттыратын бірнеше қадам

Қаржылық сауатты арттыратын бірнеше қадам

Бірінші несие бюросының мәліметінше, Қазақстанда несие алуға қабілетті 9 миллион адамның 7,2 миллионы банкке қарыз. Оның 19 пайызы банк алдындағы берешегін төлей алмай отыр. Азаматтардың банкке жиі жүгінуінің бір ұшы қаржылық сауатқа келіп тіреледі. Біз осыны ескере отырып, ақшаны үнемдеу мен қаржылық сауатты арттырудың жолдарын талдап көрдік.

Ақшаны қалай жинаған дұрыс? Қаржы пирамидасының белгілері қандай? Кредит өзін-өзі ақтай ма? Қаржы алаяқтарынан қорғанудың жолы қандай? Біз бұл материалда жоғарыда аталған сұрақтарға жауап табуға тырыстық

Ақшаны қалай жинаған дұрыс?!


Ақша жинаудың тәсілдері көп. Бірі валюта түрінде сақтайды, кейбір азаматтар жылжымайтын мүлік сатып алады. Енді бірі үйінде жинағанды жөн көреді. Біз ақшаны қалай және қайда жинау керегін қаржыгер Ардақ Хаштаевадан сұрап көрдік:

«Әр айлық немесе жылдық табыстың 10 пайызын жинау қажет. Бұл ақша сізге болашақта табыс көзі бола алады. Пайызбен көбейту қажет. Ол үшін екінші деңгейлі банктерде салым ретінде (2-3 банкте) 2 валютада сақтаған дұрыс. Үйде жинаған ақша көбеймейді. Себебі ол табыс әкелмейді. Оның үстіне, жылдық инфляцияның өзі 5-6 пайызды құрайды. Демек, ақша жыл сайын осынша пайызға құнсызданады деген сөз. Айта кету керек, ақшаны жылжымайтын мүлікке айналдыру да тиімді».

Маман пікірін саралап көрсек, жаңа тұрғын үйлердің 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы бағасы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3 пайызға өскен. Жыл соңына дейін тағы да өсуі мүмкін.

Доллар бағасына келсек, жыл басында 382 теңге болса, қазір 421 теңгеге көтерілді. Демек, құны жыл басынан бері 10,2 пайызға өскен. Жарты ақшаны теңгемен сақтау да тиімді. Мұнай бағасы өссе, теңгенің нығаятыны белгілі. Ал еліміздегі банк депозитінің орташа пайызы &ndash 12-13,2 пайызды құрайды.

Қаржы пирамидасының құрығына ілініп қалмаңыз


          Оңай олжа тапқысы келген көпшілік қаржы пирамидасына ұрынып жатады. Солардың бірі &ndash жыл басында қоғамда жиі талқыланған «Гарант 24 Ломбард» ісі. Қазақстанның әр қаласында өз филиалын ашқан ұйым мыңдаған салымшыны сан соқтырып кеткен болатын. Келтірілген залал &ndash 22 миллиард теңге шамасында. Бұдан басқа да қаржы пирамидалары көп. Оларды қалай анықтауға болатынын қаржыгер Ардақ Хаштаева түсіндіріп берді:

«Пайыздық мөлшерлемесі ҚР Ұлттық банкі бекіткен орташа көрсеткіштен бірнеше есе жоғары болса &ndash қаржылық пирамида болуы мүмкін. Олар салымшының ақшасына пара-пар тауар я қызмет түрін ұсына алмайды. Қаржылық шаруашылығы мен есебі көрсетілмейді. Компанияның активтері мен капиталы да жоқ. Егер ұйым сіз салатын ақшаның 15-20 пайызын немесе бірнеше есе жоғары пайдасын алу мүмкіндігін ұсынса, күмәнмен қарай беріңіз. Себебі, ҚР Ұлттық банкінің орташа пайыздық мөлшерлемесі &ndash 9 пайызды құрайды»

Маманның пікірінше, қаржы пирамидасының бірнеше ортақ ұқсастықтары бар. Атап айтсақ:

Жоғары табыс ұсынылады. Бірақ бұл қаражат көбіне бір рет қана беріледі. Ол ұйымға адамдарды шақыру үшін қажет;
Компанияның нақты қызмет ететін саласы болмайды. Яғни ештеңемен айналыспайды;
Жарнама әлеуметтік желі арқылы жүргізіледі. ҚР аумағында қаржылық пирамидаға тыйым салынғандықтан, әлеуметтік желі арқылы адам жинауға тырысады;
Негізінен ұйымға адам шақыру арқылы ақша табу қызметін ұсынады.
Банк картасы жоғалса&hellip


            Азаматтар көп жағдайда коғамдық көлікте, көшеде, жұрт жиналатын жерлерде әмиян жоғалып жатады. Осындай жағдайда алаяқтар төлем картасы арқылы да ақша шешіп алуы мүмкін. Мұндай жағдай Шымкент қаласының тұрғыны Асан Махановтың да басынан өткен:

«Әуежайда ақша шешкенім есімде, кейіннен картамның жоғалғанын білдім. Қалай дейсіз ғой? Менің шотымнан ірі көлемде ақша шешілгені туралы хабарлама келді. Бұрын мұндай жағдаймен бетпе-бет келмегенмін».

Осы және өзге де ұқсас жағдайларда не істеу керегін қаржы маманынан сұрап көрдік.

«Банк картасын жоғалтып алсаңыз, бірден банк қосымшасы немесе сол банктің call-центрына хабарласып менеджер арқылы картаны бұғаттау керек. Өйткені картаны тауып алған алаяқ сіздің шотыңыздан қаржыны оп-оңай шешіп ала алады. Соңғы уақытта мұндай жағдайдар жиі тіркеліп жатыр. Көпшілік әмиянға немесе картаға парольді жазып та қояды. Бұл &ndash алаяқтар үшін оңай олжа. Ескертетінім, ешқашан парольді картаға немесе әмиянға жазып қоюға болмайды», &ndash дейді Ардақ Хаштаева.

Кредит өзін ақтай ма?


            Қаржы мамандары кредитті үш жағдайда алуға болатынын алға тартады. Олар:

Тұрғын-үй алу үшін;
Бизнеске;
Емделуге (медициналық қызмет үшін).
Дегенмен оларды алудың да өз ережесі бар. Бұл жайында Ардақ Хаштаева:

«Ипотекалық кредитті 15 жылға дейін алуға болады. Одан көп мерзімге алса, үстемақысын төлеуге 2 есе уақыт пен жыл керек. Сонымен қатар көлікке алынатын кредит көлемі 3 жылдық табысыңыздан аспағаны абзал».

Қаржылық сауат ұқыптылықтан басталады


Қазір құжат жоғалтып, басы пәлеге қалғандар көп. Себебі алаяқтар жоғалған құжатпен кредит рәсімдеп, жұртты сарсаңға салады. Бұдан бөлек, технология қарыштап дамыған заманда өзге адамның дербес деректерін алу да жеңіл. Мұндай жағдайда не істеу керек?!

«Алаяқтардан сақтанудың бірден-бір жолы &ndash кредит тарихыңызды бақылап отыру. Кредиттік бюроның деректер базасында еліміздегі барлық банктер мен қаржылық ұйымдардың кредиттері туралы дерек бар. Яғни, сіз кредит алсаңыз, онда сол кредит пен оның төлеу мерзіміне қатысты барлық ақпаратты ала аласыз. Мұндай есепті кредиттік бюродан (Мемлекеттік кредиттік бюро, Бірінші кредиттік бюро), сондай-ақ электрондық үкімет сайтынан онлайн алуға болады. Ескерте кететін жағдай, электронды үкімет порталы арқылы дербес кредиттік есепті жылына 1 рет тегін алуға болады» &ndash дейді қаржыгер Ардақ Хаштаева.

            Ал алаяқтарға тап болған азаматтар бірден құқық қорғау органдарына жүгіне алады. Ескерте кететін жағдай, егер жеке куәлік жоғалған болса, оның жоғалғанын растайтын құжат міндетті түрде болуы тиіс.

Қаржы алаяқтарынан қалай қорғануға болады?


            Қазір алаяқтар банк менеджері ретінде хабарласып, дербес деректерді сұрауды жиілеткен. Көптеген азаматтар осы бір айлаға алданып қалып жатады. Сондықтан олардан сақтанудың бірнеше тәсілін ұсынып отырмыз:

Телефонға бейтаныс нөмірден хабарласқанда, ешқашан «иә» деп жауап бермеңіз. Телефон алаяқтары сіздің атыңыз бен тегіңізді біліп алып, даусыңызды жазып алады да атыңызға кредит рәсімдейді;
«10 минутта несие береміз», «Жалақыға дейін несие алу» сынды тақырыптармен келетін хабарламалардың бәріне жеке деректерді енгізуге болмайды. Қазір мұндай сайттарды қолдан істеп, алаяқтық жасау фактілері көбейген. Микроқаржы ұйымдарынан несие алуды көздесеңіз, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтындағы «Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі» бөлімінде бар ұйымдардан алған дұрыс;
Өзін қаржы ұйымдарының қызметкерімін деп таныстыратын бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіз, оларға жеке деректеріңізді жария етпеңіз. Ең бастысы олармен әңгімені жалғастырудың қажеті жоқ;
Ешқашан бейтаныс адамдарға өзіңіздің жеке деректеріңізді айтпаңыз, оның ішінде жеке басыңызды куәландыратын құжат көшірмесін жібермеңіз;
Төлем карталарының деректерін ешқайда жариялауға болмайды;
Барлық қол қоятын құжаттарды мұқият тексеріңіз.
Қаржыны үнемдеудегі қарапайым қағидаттар


            Күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттердің өзі қалтаны қағуы мүмкін. Сондықтан дүкенге барғанда, сауда жасағанда бірқатар жайттарды ескерген жөн. Атап айтсақ:

Дүкенге барғанда сауданы тек қолма-қол ақшамен жасаңыз. Оны қажет заттарға қарай алдын-ала есептеп алғаныңыз жөн. Себебі, дүкендегі жеңілдік туралы жарнамалар ойыңызды бөліп, артық ақша жұмсап қоюыңыз мүмкін;
Балаңызды қаржылық сауатқа кішкентайынан бастап үйретіңіз. Мәселен, дүкенге барғанда белгілі бір заттың арзанын табу тапсырмасын беріңіз. Бала осылайша бейсаналы түрде ақша үнемдеу керегін түсіне бастайды;
Айлық табыстың 10 пайызын жоққа санап, қалғанын жаратуды әдетке айналдырыңыз. Аталған бөлікті ипотекаға салу керек немесе басқа валютаға ауыстырған жөн;
Банктің сайттары немесе қосымшалары арқылы несиеге өтінім берерде алатын сомаға 1000 теңге қосып немесе азайтып берген дұрыс. Бұл да несиенің үстемақысына әсер етуі мүмкін. Мәселен, Kaspi Bank арқылы 300 мың теңгені 12 айға алатын болсаңыз, айына 35 346 теңгеден төлейсіз, үстемақы 124 152 теңгені құраса, 301 мыңды 12 айға алған жағдайда айына 31 362 теңге төлейсіз. Үстемақы &ndash 75 344 теңге. Айырмашылық мың теңге ғана. Бірақ сіз 301 мың теңгеге өтінім беру арқылы 48 мың теңге үнемдейсіз. Демек, қай банктен несие алсаңыз да әуелі банк сайтындағы калькулятор арқылы есептеп көру керек.
«Кредит тарихыңызды тазартып береміз&hellip» немесе пандемияда күрт көбейген алаяқтық тәсілдері


            Пандемия кезінде мұндай хабарландырулар көбейген. Қаржылық қиындыққа тап болған азаматтардың көбі банктен кредит алуға шешім қабылдайды. Бірақ несие тарихы нашар. Енді бұл азаматтардың жоғарыда аталған хабарландыруларға көзі түсіп, қызметіне жүгінеді. Тегін емес. Қалтасы қағылатыны тағы бар. Есте сақтау керек, Кредиттік бюро қызметіне ешқандай агенттіктер мен компания әсер ете алмайды. Ал «Кредитсіз өмір», «Борыштардан тазарту», «Кредит тарихын түзетейік» деген хабарландырулардың бәрі  алаяқтықтың бір тәсілі ғана.

            Алаяқтар жүгінетін тағы бір тәсіл &ndash азаматтарды мемлекет тарапынан көмек алатынына сендіру. Ол үшін карта нөмірі, деректері және банктен келген смс-кодты сұрайды. Мұндайда абай болу керек. Цифрлық қызметтерді алу кезінде доменнің атауы, бот атауы, жазылушылар санының дұрыстығына көз жеткізуіңіз керек. Банк карталары, SMS кодтар туралы ешкімге айтпаңыз. Өз электрондық цифрлық қолтаңбаңызды басқа адамдарға бермеңіз.

Құдретіллә Момынхан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста