Қаржы сауаты

Кедейлікке алып келетін 9 әдет

  • Кедейлікке алып келетін 9 әдет

    Кедейлікке алып келетін 9 әдет

Әдет адамның күнбе-күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі. Әдеттің ұнамды, ұнамсыз түрлері болады. Әдеттеріңіз қандай, саралап көріңіз. Себебі, әдет кедейлікке де әбден алып келе алады. 

1. Өз өзін аяушылық 

Кедей болатын адамдар өздеріне үнемі аяушылықпен қарайды. «Менің пешенемде бай болу жазылмаған, тағдыр тым қатал» деумен өздерін өздері алдап жүреді. Әрине, жеке тұлға ретінде қалыптасып, өзіңіздің іс-әрекетіңізге рухани-адамгершілік тұрғысынан баға беріп, көп күш жұмсағанша, өзіңізді аяу &mdash тамаша әдіс. Әсіресе, кедей болуға ұмтылсаңыз. 

2. Сараңдық 

«Жеңілдігі» бар ғана тауарды іздеу, «Жаппай сатылымдардан» қалт қалмау, өз баласының сапалы білім алуына ақша аяу, жеке фирмасының қызметкерлеріне неғұрлым кішкентай сомаға көбірек жұмыс жасату кедейлік жолындағы екінші әдет. 
Ал бай болатын адам әр заттың тиісілі құнын төлейді және өзінің көмекшілерінің еңбегін лайым жоғары бағалайды. 

3. Ұнатпайтын іспен шұғылдану 

Мамандықты дұрыс таңдай білген адам өз ісінің шебері бола алады. Әрине тапжылмай еңбектенсе. Ал егер Сіз өзіңізге ұнамайтын жұмыспен айналысып жүрсеңіз? Онда Сіздің еңбек жолыңызда кедергілер кездесе бермек, себебі Сіз үшін жұмыс жай күнелту, ақша табу. Сіз жұмысыңыздан рухани күш ала алмасаңыз, онда кедейліктің тағы бір әдеті бойыңызда бар деп біліңіз. 

4. Жұмыс жемісін тек ақшамен өлшеу 

Қолына ақша түссе ғана қабағы ашылып, бақыт құшағында жүретін адамдар &mdash нағыз кедейлер. Табысты адам өз бақытын басқа құндылықтармен өлшейді. Кім қандай құндылықты таңдайды &mdash әркімнің өз еркі. 

5. Ақшаны босқа шашу 

Банкке кредит алуға барсаңыз, күлімдеп тұрған банк қызметкерлері Сізді қарызға батыру үшін барлық мүмкіндікті оп-оңай жасап бере алады. Бірақ табысты адам кәсібін кеңейту мен мақсатсыз шығын арасын ажырата алады. 

6. Әп-сәтте пайда көру 

Әп-сәтте бірден молынан пайда көріп қалу &mdash тек қана кедейлерге тән қасиет. Кедей болатын адам алпауыт компанияларға жұмысқа орналасқан кезде, бірнеше жылдан кейін қол жеткізетін мүмкіндіктерінен гөрі бір айдан кейін алатын айлығы туралы көбірек ойланады. 

7. Шағымдану 

Заман қиындап барады. Адамдар бұзылды. Қайда барсаң да жемқорлық, танысың болмаса, жұмыс таба алмайсың  бұның барлығы табысты болуды көздейтін адамның аузынан шығатын сөз емес. Ал, керісінше, сәтсіздікті серік еткен бейбақ бұл пікірмен бірден келіседі. Дей тұра, аталмыш әдетке дауа бар ма? Ия, ол  креативтілік. 
Қоршаған ортаның келеңсіздіктерімен күресудің креативті, жаңа жолдарын іздестіруден жалықпаңыз. Кез келген жағдайдан барынша жеңімпаз болып шығуға тырысыңыз. 

8. Өзін басқалармен салыстыру 

Серік өзін басқалардан мықытымын деп ойлайды, себебі ол мектепті алтын белгіге бітіріп шыққан жалғыз түлек. Берік өзін басқалардан кем санайды, себебі ол жазғы демалыста жұмысқа орналса алмады. Ал Айжан өзінің құрбысына жыны келеді, себебі оның құрбысын ұнататын жігіттер көбейіп барады. Осылардың барлығы кедей болатын адамдардың сегізінші әдеті.Рухани жан әлеміңізге сыртқы ортаның билік құрғанынан абай болыңыз! 

9. Байлықты ақшамен теңестіру 

Шынайы бай адамдар бақыт пен ақшаның арасына теңдік қоймайды. Нағыз байлық &mdash есебіндегі миллиондар мен миллиардтар емес. Бай адам үшін &mdash нағыз байлық оның өмірлік позициясы, жаңа кәсіп көздерін ашу, жаңа жобалар арқылы өзінің мүмкіндігін тағы бір сынға салып, сол сыннан сүрінбей өту.

Дереккөз: jas.kz




Көрілген: 5703    Пікірлер: 0

жұма, 19.02.2021, 13:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Сәуір, 13:09
    Ақшалы болу үшін...
    1 Сәуір, 13:52
    Ақша көбейту үшін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31