Қазақ күресі

Елордада «Нұр-Сұлтан Барысы» анықталды

  • Фото: google.com

    Фото: google.com

Елордада қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеуі мақсатында «Нұр-Сұлтан Барысы» жарысы өтті деп хабарлайды nege.kz.

 

«Қазақ күресінің даму тарихы тереңде жатыр. Кейінгі он жылда қазақ күресі Үкімет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың арқасында қанатын кеңге жайып, халықаралық аренаға шығып үлгерді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Төл спортымыз – қазақ күресін олимпиялық ойындар деңгейіне дейін көтеруге күш салуымыз керек», – деген тапсырмасы аясында қарқынды жұмыс жүргізіліп, бүгінде ұлттық күресіміз әлемнің 50-60 мемлекетінде тамыр жайып, дамып отыр» – деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Макен жарыс алдында.

 

 

Шілде айында елорда төрінде өтетін дүбірлі дода – «Қазақстан Барысы» туриниріне жолдаманы бабы келіскен 26 балуан сарапқа салды.

 

Тартысқа толы белдесулер нәтижесінде Олжас Шынкеев топ жарып, алтын белбеуді иеленді.

 

Екінші орын Айбат Сейтенге бұйырса, үздік үштікті Нұрбек Досмұханбетов қорытындылады. Жарыстың алтын және күміс жүлдесіне ие болған қос балуан «Қазақстан Барысында» астананың намысын қорғайтын болады.

 

 

 




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.05.2021, 21:50

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31