Қазақ күресі

"Еуразия барысына" 12 елдің құрама командасы қатысады

  • kazakhstanbarysy.kz

    kazakhstanbarysy.kz

  • kazakhstanbarysy.kz

    kazakhstanbarysy.kz

22 қарашада қазақ күресінен ірі деңгейдегі төртінші турнир өтеді. Маусым айының соңында қазақ күресінің маусымын "Қазақстан Барысы" секілді ірі мега жобасы бастап, одан кейін тұңғыш рет ұйымдастырылған "Әлем Барысы" халықаралық турнирі, содан соң "Жас Барыс" турнирі өткен еді, деп хабарлайды "Алаш айнасы".
Төртінші халықаралық жоба, яғни "Еуразия Барысы" турнирі екінші рет ұйымдастырылып, дүбірлі дода Балуан Шолақтың 150 жылдық мерейтойына арналып отыр.
Тараз қаласында өтетін "Eurasia Barysy" халықаралық турниріне 12 елдің атынан 60 балуан сынға түседі. Белдесулер командалық сын негізінде өтеді. Жанкүйерлер 60 келі, 70 келі, 80 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелеріндегі балуандардың белдесулерін тамашалайтын болады. Былтырғымен салыстырғанда, бұл жолы қатысатын елдер саны біршама көп екен. Толығырақ айтқанда, Ресей, Қытай, Түркия, Моңғолия, Әзірбайжан, Грузия, Украина, Польша, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан елінің ең үздік балуандары "Eurasia Barysy" атану үшін сынға түседі.
"Eurasia Barysy" турнирінің жалпы жүлде қоры – 100 мың АҚШ доллары шамасында. Жеңімпаздармен қатар жүлдеге іліккендер және алғаш сегіздікке енген құрама командаларға ақшаларға сыйақы беріледі.

1 орын – 50 мың $;
2 орын – 20 мың $;
3 орын – 10 мың $;
4 орын – 6 мың $;
5 орын – 5 мың $;
6 орын – 4 мың $;
7 орын – 3 мың $;
8 орын – 2 мың $;
Белдесулер барысында көрермендер арасында лоторея ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылады. Қазақ күресінің құрлықтың бәсекесін бұрынғыдай тікелей эфирден «Қазақстан» мен «KazSport» арнасы, ресейлік «Боец» және түркиялық «TRT Avaz» арналары көрсетеді.
«Еуразия барысы» турниріне қатысатын елдер белгілі болғанымен, олардың құрамалары сапында кімдердің күресетіні әзірге айтылған жоқ. Әзірше белгілісі Әзербайжан елінің құрамасы ғана. Әзербайжан атынан сынға түсетін қазақ күресі шеберлерінің есімі төмендегідей:

1. Ариф Шахларов.
Бойы: 160 см.
Салмағы: 60 келі.
1993 жылы дүниеге келген.

Жетістіктері:
– 2014 жылы сумодан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;
– 2014 жылы дзюдодан Әзірбайжан чемпионы;

2. Рамиль Гасымов.
Бойы; 170 см.
Салмағы: 70 келі.
1981 жылы дүниеге келген.

Жетістіктері:
– Самбодан 2009 жылы өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері;
– Самбодан 2010 жылы өткен Еуропа чемпионатының жеңімпазы;
– Дзюдодан 2011 жылы Әлем кубогының иегері.

3.Сейран Рагимов.
Бойы: 178 см.
Салмағы: 80 келі.
1985 жылы дүниеге келген.

Жетістіктері:
– 2004 жылы самбодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері;
– 2005 жылы самбодан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;
Рост: 178 см.

4. Эльхан Раджабли.
Бойы: 172 см.
Салмағы: 90 кг.
1980 жылы дүниеге келген.

Жетістіктері:
– 2001 жылы дзюдодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері;
– 2004 жылы дзюдодан әскери қызметкерлер арасында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы;
– 2004 жылы дзюдодан Әлем кубогының бес дүркін жеңімпазы;

5.Заур Багиров.
Бойы: 184 см.
Салмағы: 115 кг.
1977 жылы дүниеге келген.

Жетістіктері:
– 2009 жылы сумодан Еуропа чемпионатының жеңімпазы;
– 2013 жылы қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері;

Автор: Жанкелді Қаржан




Көрілген: 2266    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.11.2014, 14:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30