Қазақ күресі

"Қазақстан Барысы" додасында ерекшеліктер көп!

  • "Қазақстан Барысы" додасында ерекшеліктер көп!

29 маусым күні Қазақ күресінен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін дәстүрлі «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Көпшіліктің есінде болар, «Қазақстан Барысының» былтырғы финалдық белдесулерінде төрешілерге байланысты үлкен дау болған-ды. Осы бір даулы мәселеге орай ұйымдастырушылар ақылдаса келіп, төрешілердің санын азайтуды жөн санаған екен. «Өз ісін жақсы меңгерген, қара қылды қақ жаратын 25-30 қазы бар шығар, бірақ біз солардың ішінен ең мықтыларын сұрыптап алдық. Биылғы турнирде 6 төреші қазылық етеді», – деді бұл мәселеге қатысты Арман Шораев. Сонымен қатар биыл төрешілердің шешіміне араласып, билік жүргізетін алқа билер болмайды.
Ұлттық күрес өнерін былтыр тікелей эфирде таратқан ресейлік «Боец» арнасы биыл да жарыс барысын тікелей таратады. Одан бөлек бұл арнаға түркиялық телеарна қосылып отыр. Сонымен қатар ұйымдастырушыларының ақпараты бойынша, биылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің финалына «Боец» телеарнасының бас директоры Сергей Завилейский мен окинавалық шебер, годзю-рюдан 10-шы дан иегері Сэнсей Морио Хигаонна қонақ болады.
Сондай-ақ биыл «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық белдесулерін тамашалауға келген жанкүйерлердің арасында автокөлік ойнатылатын болады. «Финалдық сайыстарды тамашалауға келген жанкүйерлерді үлкен сый күтіп отыр. Біз бұл күні «Сарыарқа» велотрегіне жиналған жанкүйерлер арасында лоторея ойнататын боламыз. Бас жүлде теміртұлпар. Теміртұлпардан бөлек жұбаныш сыйлықтары болады», - дейді Арман Шораев.

Айтпақшы, төртінші рет ұйымдастырылып отырған «Қазақстан Барысы» турнирі идеясының авторы Арман Шораев жуырда «Қазақстан Барысы» брэндымен сүт шығарды. Арман мырзаның айтуына қарағанда, «Қазақстан Барысы» сүті ешқандай химиялық қоспаларсыз «таза» жасалған өнім екен. Бұл сүт қазірдің өзінде Астана қаласының сауда орындары мен дүкендеріне сатылымға шыққан.
Айта кетейік, бұл жылы балуандардың белдесулерге киіп шығатын киімдері сол қалпынша қала беретін болды. «Қазақ күресінің спорттық киімдері халықаралық патентке ие болды. Бірақ, биыл балуандар боз кілемге өздерінің бұрынғы киімдерімен шығады. Ал келер жылы барлық спортшыларға жаңа үлгідегі киімдер дайын болады», - дейді қазақ күресі формасының дизайнер авторы Елемес Әлімханов.
Турнирдің жақсы қырларын санамала шықтық. Дегенмен «Қазақстан барысының» көңілден шықпай қалып жатқан жерлері де жоқ емес. Біріншіден ол допинг дауының бұл спортқа да келіп жеткені қынжылтады. Естеріңізде болса, Мемлекеттік «Допингке қарсы ұлттық орталық» мекемесінің 2014 жылғы 20 мамырдағы допингтік сынама қорытындысына сәйкес қанының құрамында допингтік зат анықталған Батыс Қазақстан облысының балуаны Дамир Қалақов, Қостанай облысының балуаны Михаил Твердохлебов, Астана қаласының балуаны Нұрғали Байтарақов және Маңғыстау облысының балуаны Манас Иманқұлов финалдық бәсекеден шеттеткен еді. Сондықтан ба 29 маусым күні «Сарыарқа» велотрегінде 28 ғана балуын белдесетін болады.
Одан кейін, бұл турнир биыл Бразилиядағы футболдан әлем чемпионатымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан да еліміздегі барлық басты арналар бар көңілін доп додасына бұрып тұр. Демек, футбол тойының қасында Қазақ күресінің тойы еленбей қалуы да әдбен мүмкін. Дегенмен, бұл сауалға қатысты KazSport арнасының директоры Диас Ахметшәріп бір сұхбатында «Біз бірінші кезекте «Қазақстан Барысы» турнирін тікелей таратамыз» деген болатын.
Қалай десек те, бүгінде «Қазақстан Барысы» финалына деген дайындықтар қызу жүріп жатыр. 29 маусым күні «Сарыарқа» велотрегінде өтетін бұл доданы ел аумағында «КТК», KazSport, және «Қазақстан Ұлттық арналары» тікелей тарататын болады.

Автор: Уалихан Қосанбай




Көрілген: 2206    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.06.2014, 15:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31