2018 жылдың 17-18 қарашасында Алматыдағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында «Болат Тұрлыханов кубогы» халықаралық турнирі өтеді.
«Болат Тұрлыханов кубогы» 2015 жылдан бері Халықаралық күрес федерациясының спорттық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес өткізіліп келеді. Сонымен қатар грек-рим күресінен Қазақстандағы жалғыз ресми турнир саналады.
Турнирге құрметті қонақ ретінде спорт майталмандары Александр Карелин, Камандор Маджидов, Ким Ен Нам, Жақсылық Үшкемпіров және тағы да басқа Олимпиада чемпиондары қатысады.
Грек-рим күресінен өтетін турнирде 10 мемлекеттің 100-ден астам балуандары күш сынасып, өзара мықтыны анықтайды. Айта кестек, көрермендер үшін кіру тегін.