Қазақ күресі

Манюрованың орнына Сағадиев келді

  • Гүзел Манюрова. vesti.kz

    Гүзел Манюрова. vesti.kz

Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Гүзел Манюрова қызметтен кетті. Енді оның орнын республикамыздың жастар коман­да­сын жаттықтырып, елеулі табыстарға қол жеткізген Қайрат Сағадиев басатын болады, - деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы Қазақстанның еркін, грек-рим және әйелдер күресі федерациясына сілтеме жасап.
1978 жылы Мордовияның Саранск қаласында туған Гүзел бұ­ған дейін ұзақ уақыт Ресей құрамасы сапында өнер көрсеткенін жақсы білеміз. Тіпті ол Ресейдің ұлттық құрамасы сапында Афина Олимпиадасының кү­міс және 2007 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атан­ды.
Бірақ, сол 2007 жылғы әлем біріншілігінен кейін Гүзелдің жолы болмай, ұлттық құрамаға іліге алмай жүрді. Содан 2010 Манюрова Қазақстанның азаматтығын алып, сол кезден бастап бәсекелерде біздің елдің намысын қорғап келеді. Жетістіктері де көп. Тарқатып атсақ, «Тұманды альбионда» өткен Олимпиада ойындарында, сондай-ақ әлем біріншілігінде жүлдегерлер қатарына көрінді. «Сары құрлықтың» басты додасы Азия ойындарында алтын және күміс жүлде алды. Ал, Азия біріншілігінде Манюрова төрт рет мықтылығын танытып, чемпион атанды.
Лондонда өткен Олимпиада ойындарынан кейін Қазақстанның еркін, грек-рим және әйелдер күресі федерациясы Гүзелді әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайында. Сол кезден бастап ол бапкерлік кәсіп пен балуандық өнерді қатар алып жүрген. Алайда, өткен аптаның соңында өз еркімен бапкерлік қызметінен кетіп, енді тек жаттуғуларына ден қоюға көшетінін мәлімдеді.

– Бұл шешімді мен көптеген адамдармен ақылдаса келіп шығардым. Бапкерлік кәсіп пен балуандық өнерді қатар алып жүру әрине қиын. Енді 2016 жылғы Риода өтетін Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсет үшін жаттығу жасаймын. Ал, құраманың тізгінін ұстаған Қайрат Сағадиевке тек қана сәттілік тілеймін, - дейді ол ағынан жарылып.
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының тізгінін ұстаған Қайрат Сағадиевті осал маман деуге болмайды. Бұл бапкер осы уақытқа дейін күрестен Қазақстан жастар және жасөспірімер құрамасын жаттықтырып, көптеген нәтижелерге қол жеткізген. Мысалы, оның шәкірттері Азия ойындарында 5 жүлде (1 алтын, 1 күміс, 3 қола) жеңіп, жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Ал, әлем чемпионатында 1 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алған.
Қайрат Сағадиевтың орнына, яғни Қазақстан жастар құрамасының бас бапкерлік қызметіне федерация басшылары Әділет Ермаковты тағайындапты. Ал, әйелдер күресінен Қазақстанның жастар құрамасын ұзақ жылдар бойы ОҚО әйелдер құрамасының бас бапкері болып келген Мұрат Жұмабаев жаттықтыратын болады.  

Автор: Уалихан Қосанбай




Көрілген: 1514    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.01.2015, 16:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30