Қазақ күресі

Мұхит Тұрсынов "Қазақстан Барысы" турнирінің жеңімпазы атанды

  • Мұхит Тұрсынов

    Мұхит Тұрсынов "Қазақстан Барысы" турнирінің жеңімпазы атанды

Мұхит Тұрсынов елімізде төртінші рет өткен "Қазақстан Барысы" турнирінің биылғы жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды "Алаш айнасы".

Асыл "Жас сұңқар" Бәрменов (Қарағанды облысы) пен Мұхит "Жалын" Тұрсынов (Шығыс Қазақстан облысы) арасындағы ақтық белдесуде Мұхиттың мерейі үстем болып, "Қазақстан Барысы" атағына қол жеткізді. Ал финалдық бәсекеде жеңілген Асыл Бәрменов "Алтын белбеу" иегері атанды.

Турнирдің қорытындысы бойынша 2014 жылғы "Қазақстан Барысы" Мұхит Тұрсынов 150 мың АҚШ долларын қанжығасына байласа, оның бапкеріне 20 мың АҚШ доллары табысталды. "Алтын белбеу" иегері Асыл Бәрменов 100 мың доллар көлемінде сыйлық алса, Асылдың бапкері 10 мың доллармен марапатталды.

Қола жүлде үшін өткен кездесуде Руслан "Сыр барысы" Әбдіразақов (Қызылорда облысы) пен Дәулетхан "Талас арланы" Жақыпов (Жамбыл облысы) белдесіп, тартысты кездесудің негізгі уақытында "таза жеңісті" еншісіне жазған Руслан Әбдіразақов қола белбеуді беліне тақты.Одан бөлек, "Сыр барысы" 10 000 долларлық чекке ие болса, бапкері де құр алақан қалған жоқ. Оған 3000 доллар сыйақы берілді.

Ал ұйымдастырушылар тағайындаған арнайы "Жеңіске деген жігері" үшін атты сыйлық Дәулетхан Жақыповқа бұйырып, Hyundai Elantra көлігіне ие болды.

Айта кетейік, боз кілемге "Қазақстан Барысы-2013" деген атағымен шыққан Шығыс Қазақстан облысының үміті Айбек Нұғымаров 1/8 финалдық белдесуде Қызылорда облысының палуаны Руслан Әбдіразақовқа ешкім күтпеген жерден тізе бүкті. 117 келі тартқан Әбдіразақов өзінен 20 келіге ауыр атақты қарсыласынан еш қаймықпай, таза жеңіспен ширек финалға жолдама алды.

Сондай-ақ тағы бір ел күтпеген жеңіске Шығыс Қазақстан облысының палуаны Мұхит Тұрсынов жетті. Ол 2012 жылғы "Қазақстан Барысы" атанған Бейбіт Ыстыбаевтың жауырынын жерге тигізіп, турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды.

Еске салайық, Мемлекеттік "Допингке қарсы ұлттық орталық" мекемесінің 2014 жылғы 20 мамырдағы допингтік сынама қорытындысына сәйкес, қанының құрамында допингтік зат анықталған Батыс Қазақстан облысының балуаны Дамир Қалақов, Қостанай облысының балуаны Михаил Твердохлебов, Астана қаласының балуаны Нұрғали Байтарақов және Маңғыстау облысының балуаны Манас Иманқұлов финалдық бәсекеден шеттетілген еді. Сондықтан да биылғы "Қазақстан Барысы" турнирінде 28 балуан ғана белдесті.




Көрілген: 2743    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.06.2014, 19:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30