1958-1960 ЖЫЛДАРДАҒЫ АЛТАЙДАҒЫ СОҢҒЫ КӨТЕРІЛІС

1958-1960 ЖЫЛДАРДАҒЫ АЛТАЙДАҒЫ СОҢҒЫ КӨТЕРІЛІС

1952-жылдың соңында, Оспан батырдың үлкен ұлы Шердиман мен коммунистік қытай үкіметі тең құқылы келісім жасасып, соғыс тоқтатылып, қазақтардан 30 адам мәнсап алып, өздерін өз адамы басқару құқығына ие болған еді. Мао Цзыдун сол кезде: "бұған дейінгі екі жақтан өлген құрбандардың ісі салауат болсын, енді бұл тақырып қозғалмасын, ушықтырылмасын!" деген болатын. Бұл жолы қытайды қазақ алдап соқты.

 

Неге десеңіз, сол кезде Өр-Алтайдың көтерілісші елінің көбі Құмыл-Баркөл, Боғда аймақтары мен Гансу өлкесі сияқты жерлерге бытырап шашылып кеткен еді. Шердиман соғыс келісіміне сай, осы бытыраған елді Алтайға қайта жинап, көшіре бастады. Әйтпегенде, осы қалың елдің басым көбін қытай қоршап алып, оларды түгелдей саяси үйренуге, коммунизмнің үгіт-нәсихаттарын тыңдауға түсіріп жіберген болатын. Сол кезде қытайдың "маңызды соғыста ерлік көрсетуге уәде етіп, алдын-ала мәнсап талап ету" жоралғысына сай, коммунистік қытай тарихындағы ең маңызды қолбасылардың бірі Жудының орынбасары болу мәнсабын сұрап, Шердиманды жоюға уәде алған, қытайға шапқыншылық жасаған Жапонның Кантон армиясымен соғысқан, танымал бір соғыс жетекшісі 5 мың әскер бастап, Шердиманнің Көктоғай ауданынан асығыс құрап-жинаған 500 әскерін жою үшін Алтайға кіреді. Шердиман небәрі 500 әскері болса да, көшпенділердің дала соғысындағы "бытырап соғысу, әскердің қалың шоғырын бөліп тастап жаныштау, шырғаға түсіру" тәсілдері арқылы өзінен саны 10 есе көп , зеңбірекпен, танкпен қаруланған жауды Құбының құмында қоршап жойып жібереді. Осыдан кейін орталық қытай үкіметі қатты тіксініп, жаңа құрылған мемлекеттің батыс өлкелерін соғыссыз бекемдеу үшін келісім ұсына бастайды. Соғыс тоқтатылып, Оспан батырдың сүйегін қайтарып алып, Көктоғай ауданының Қалбағай деген жеріне әкеп, мұсылман жолымен арулап жерлейді. Бірнеше жыл ішінде Құмыл, Еренқабырға аймақтары мен Гансу өлкесінде шашырап кеткен көп қазақты Өр-Алтайға жинап алады. Арада, біраз жылдар өткен соң қытай үкіметі дамып, күшейіп, келісім шартты бұзып, Құлжа жақта жүрген Шердиманды еңбекпен өзгертуге түсіріп жіберіп, ол кісі 1970жылы қинаудан өлген. Өр-Алтайға "кен қазу, егін шаруашылығын дамыту" деген сылтаулармен бұқараша киінген әскерлерін үйіп-төге береді. Халықтың қолынан теңдік кетіп, колхоздасу қырқынды жүріп, халық қолындағы малынан айырыла бастайды. Бұл кезде уақыт 1958жылға барған еді. Сол кезде Өр-Алтайдың қазақтары мықты болды. Сол кезде Өр-Алтайда өткен әйгілі дін басы, ағартушы, ақын, қазақ халқының тарихындағы кітабі ең алғаш баспадан шыққан Ақыт Үлімжіұлының ұлы Қалман қазы молқы руын бастап, өмірінде ешкім жығылып көрмеген Дәлелқан балуан Мешелұлы қарақас руын бастап, Жүкей батыр сарбас руын бастап көтеріліс бұрқ ете түсті. Олар өздері соғысып ғана қоймай, Іле, Тарбағатай, Еренқабырға, Құмыл аймақтарындағы ұлтшыл қазақтарды да қозғады. Тарым ойпатындағы саны көп ұйғыр халқын, Қызылсу өзеніндегі қырғыз халқын, Памирдағы тәжік халқын, Буратал мен Қарашәрі аймақтарындағы торғауыттарды, Гансу, Чиңхай өлкесіндегі дүңген, дұңшяң(сарт), салар(оғыз) халықтарын, Тибет жеріндегі тибеттерді бір уақытта көтеріліске дайындап, оларды да соғысқа кіргізіп жіберді. Тибеттермен Бураталдағы бұдда дінінің үлкен монағы арқылы байланыс жасап тұрды. Олар дінге, ұлтқа бөлінген жоқ, қытайдың езгісіне қарсы ұлттарды ортақ дайындады, тіпті Ішкі Моңғолға дейін адам жіберді, сол кезде Өр-Алтай қазақтары осындай мықты болды. Осы көтеріліс туған өңірлердің жалпы көлемі 5 миллион шаршы километр жерді қамтып, бүгінгі ҚХР картасының тең жартысынан астам жерін шарпыды да, бүкіл ҚХР-ның бір тұтастығына хауіп төндірді. Осы жер-жерден көтеріліс жасаған елдің ішінде көпке дейін жауға алдырмай мықты шайқасқан, майданы берік болғаны тек Көктоғай -Шіңгіл аудандары ғана болды. Ішкі қытайдағы дүңгендердің көтерілісі сәтсіздікке ұшырап, көтеріліс басшылары қашып отырып Көктоғай ауданына келіп, қазақтар оларды Торғын ауылынан жер беріп орналастырды, әлі күнге дейін біздің Торғын ауылында дүңген қыстағы бар. Басқа жердегі көтерілістің бәрі жанышталды. Тибетпен байланыс жасап беріп тұрған Бураталдағы торғауыттан шыққан будда дінінің монағы өлімге өкім етілді. Сол кезде сарбас руын соңына ертке Жүкей батыр Шонжы ауданынан 3500 адамды бастап, Көктоғайға көшіп келіп көтеріліске кірген еді. Көктоғайдан көтерілген ел оңтүстік шөлді даладағы Қарамайлы тауының Құстұмсық керішінде 4500 қытай әскерін алғашқы шайқастың өзінде қоршап жойған. Көтеріліс барысындағы жалпы екі жыл ішінде қырылған жау 20 мыңнан асып кеткен. Көтерілістің соңғы кезінде қытай әскері ол кісіні Торғынның Көктал жазығында тұтқындады. Жүкей батыр Үрімжі түрмесінде жан үзді. Қалман да ұсталды. Қалман өзі діни көсем әрі ақын еді. Қалманмен бірге түрмеде жатқан қытайдың бір жазықсыз жаламен жапа шеккен мәдениет қайраткері Қалманның өлеңдерін қытай тіліне аударған. Қалманның "Мұңлы қалам" деп аталатын дастаны қазақ ішіне кең тараған.

 

Осы көтерілісте Үрімжі қаласының түбіне барып, жаудың алуы мүлдем қиын болған Боғда тауындағы құзар-шыңға барып бекінген Базарбай, Мажир батырлардың тобы көп уақыт жауды шығынға ұшыратып тұрды. Алтайда Дәлелқан балуан тау арасына кіріп алып, екң жылға таяу уақыт партизандық соғыс жүргізіп, жауға алдырмады. Ең соңында қытай үкіметі Дәлелқаннің кәрі шешесін тау ішіне алып барып, шешесі көп жалынып, үкімет адамдарын бастап Бурылтоғай ауданындағы Шағман деген кісінің әкесі Көккөз деген жершілдігімен танымал болып, қытайдыі әскеріне жол бастап жүрген адам "түрмеге қамамаймыз, көтерілген қазақтарға жалғасты мәнсап беріп өздерін өзі басқаратын қыламыз" деп алдап, ақыры батыр шешесі үшін ашыққа шығып ұсталды.

 

Дәлелқан балуан ұсталып кеткеннен кейін де, бағынбай тау ішінде тығылып, партизандық соғыс жүргізген ержүрек топтар, 1960жылдың басында ат жүре алмайтын, белден асатын қалың қардың ішінде қоршауда қалып, көтеріліс осылай аяқталды.

 

Дәлелқан балуан ұсталған соң Үрімжідегі тізесіне дейін су келіп тұратын, суы ешқашан тоқтамайтын су түрмеде азапталды, күн көзін көрсетпейтін тас меңіреу қараңғы түрмеде неше жыл жатты. Үрімжі түрмесінен кейін, балуан Тарым жаза лагеріне айдалды. Су түрмеде де, Тарымда да бір уақыт намазын қаза қылмапты. Ол жерде жүріп иен даладағы адамдарға хауіп төндірген бойы 2 метрден асатын кісікиікпен алысып оны жеңіп, саяси жеңілдік алды. Дәлелқан балуанның Бала-Ертіс өзені бойындағы арасандағы "Жүрек суы" деген жерде көтерген балуантасы 900 килограмнан асады. Ешбір оқ шығын қылмай, жағаласып жүріп екі аю ұстап,аяқтарынан шандып байлап берген.

 

Дәлелқан балуанның ет жақыны болып табылатын ақын Ахат Расулұлының дерегіне сай, сол кезде Алтайда Серік Қожабайұлы деген балуан шығып, ол күрестен бүкіл ҚХР-ның үш мәрте чемпионы болады. Қытай елінде оның алдына жарыста ешкім түспеген. Бірақ, Серіктен де күші артық, өмірінде жағаласқан адам баласы сүріндіріп көрмеген, Дәлелқан балуан еді. Бірақ, Дәлелқан саяси қайраткер қытайдың жауы болған соң арысқа түсіп жүретін орайы келмеген. Серік Қожабайұлы соқырі шектен операция болып күреске жарамай қалғандықтан, Жапонияның бас балуанына салатын адам табылмай, сол кезде Дәлелқан балуанды алып барып, "жарыс біткенше сенің атың Серік болады" деп, Серік деген жалған атпен арысқа салғанда, Дәлелқан Жапония балуанын көтеріп басынан асырып лақтырып жіберген. Ең соңында бейбіт заман жетіп, 1984жылы 25 жылдық ауыр жазасын өтеп Көктоғайға келген кезде, алба-жұлба болған түрін әйелі танымай қалыпты да, шешесі ғана таныпты. Ең соңында 1998жылы 68 жасында, таң намазын өтеп, оң жақ бетіне алақанын төсеп, құран оқып жатып ұйықтаған күйі о дүниеге жаны ауырмай аттанды. Міне осындай ерлер болған!

 

Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы

 

 

 

 

 

abai.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста