Алаш үні

28 панфиловшылардың айналасындағы дау-дамай — бұл әулиелерді қорлау — Сағымбай Қозыбаев

  • © 365info.kz

    © 365info.kz

Мәскеу түбіндегі Дубосеково шайқасының айналасындағы дау-дамайдың жаңа толқыны басталды. Және тағы да Алматыдағы саябақтың атын өзгерту талап етіліп жатыр.


Бағасы тым жоғары


Профессор бүгінде «сенсация іздегіштер» көбейгеніне налиды. Олардың мақсаты қоғамды дүрліктіру.


— Тіпті аңыздың артын ашамыз дегенмен, кішкене жауаптырақ болу керек қой. Әсіресе Ұлы Отан соғысы сияқты киелі дүниеге қатысты болғанда.


Қазір отырып алып, өткен күндерге ревизия жасайтындай жеңістің бағасы тым жоғары — деп есептейді ол.


Тарихшының осылай сөйлеуіне «антипанфиловшылар» жайлы мақалалардың тағы бір легінің шығуы әсер еткен болу керек. Ол ресейлік басылымдарда басталып, біздің БАҚ-та жалғасты. Тіпті Алматыдағы саябақтың атын ауыстыру керек деген талаптарға дейін жетті.


Бұл тақырып жаңалық емес, Дубосеководағы шайқас туралы дау ара-тұра жиі көтеріліп тұрады.


— Бүгін осы тақырыпты қайта көтеріп, ұлтшыл-патриоттар 1948 жылы мамырда жүргізілген прокурорлық тергеу материалдарды алға тартыпты. Бұл құжаттың атауы да нақты «28 панфиловшылар жайлы», — деп атап өтті тарихшы.


Қозыбаевтың айтуынша, бұл құжат мамандарға бұрыннан белгілі.


— Бірақ көбі соғыстан кейінгі жылдардың тарихи аясын есепке алмайды. Репрессияның жаңа толқыны басталып жатты, бұл жолы кеңес генералитетіне қарсы, оның ішінде қанды 41-шы жылы астана қорғанысын басқарған маршал Георгий Константинович Жуковқа қарсы.


Абыройына нұқсан келтіретін материалдарды іздеді; қолбасшының бақталастары мен жаулары әрдайым болған, — деп жазады ол.


Әскери баспасөз не деді?


Атап айтқанда, Қозыбаев КСРО-ның (қазірде Ресей Федерациясының) орталық әскери газеті «Красная Звезда» газеті жайлы сөз қозғады. Ұлы Отан соғысы жылдары бұл газет «Правда» газетімен бір қатарда жалпыхалықтық трибунадан сөз алып отырған.


— «Красная Звезда» газетінде Илья Эренбург, Михаил Шолохов, Константин Симонов, Алексей Толстой, Алексей Сурков, Ванда Василевская, Андрей Платонов, Василий Гроссман және тағы басқа мықты жазушылар еңбек етті. Олардың очерктері мен памфлеттері жазылған газет нөмірлері майданда, тылда қолдан қолға өтіп оқылатын болды, миллиондаған тиражбен қайта басылып, жергілікті республикалық басылымдарға аударылып жатты. Бір сөзбен айтқанда, газет фашизммен өлгенше күресетін патриотизм жаршысы атанды,себебі Кеңестер мемлекеті қала ма, жоқ па деген үлкен сұрақ тұрды, — деп жазады ол.


Прокурорлық құжатта аталған тұлғалар — «Красная Звезда» газетінің бас редакторы, генерал-майор Давид Иосифович Ортенберг, тілші Василий Игнатьевич Коротеев, сонымен қатар әдеби хатшы — Александр Юрьевич Кривицкий — жазушы, әскери-патриоттық тақырыптарда жазылған романдар авторы.


Василий Коротеев «Мәскеу үшін шайқасқан гвардияшылар-панфиловшылар» мақаласын жазады, оны әріптесі Александр Кривицкий негізге алып, үлкен очерк арнайды.


Тарихшының пікірінше, Кривицкий очеркін өз қалауынша әрлеген, жоғарғы жақтан сондай тапсырма алуы да мүмкін, тіпті 28 санын да өзі ойлап табуы мүмкін.


Бірақ ел үшін қиын сағатта қай жазушы-патриот өзін тежеп отырды? — деп сұрақ қояды автор.


Ұрыс та, ерлік те болды


Бірақ


Дубосеководағы және жалпы Мәскеу түбегіндегі әскери ерліктің шынайылығы таласқа түспейді


Миллиондаған совет солдаттардың, оның ішінде панфиловшылардың ерлігіне де қатысты.


Тарихшы Илья Эренбургтің «Казахи» очеркін еске алады. Ол былай басталады: «Бір фриц маған былай деген еді: «Бізге үрейлі әскерилер қарсы шықты — оларды жанған от та тоқтата алмады, олар бізге қарай жүгіріп келе жатты. Маған бұлар қазақтар деді. Мен ондай халық барын бұрын білмеген де екенмін…»


— Ал бұл шындыққа жанаспайды деп айта аласыз ба? Әскери-қазақтардың ерлігіне күмән келтіресіз бе?


Бірақ Эринбургтың очеркіндегі фриц шынайы персонаж ба? Илья Григорьевич образ қажет болған соң ойлап табуы да мүмкін ғой. Бұл оның өз құқығы, және дегенмен соғыс жылдары ең танымал жазушы-публицист, сол «Красная Звезда» өкілінің сөздеріне сенгіміз келеді, — деп жазады Қозыбаев.


Ол контраргументтер қатарында «шындық бәрінен жоғары» дегеннің болуы заңды екенін айтады. Және тіпті келісетінін де жеткізді.


— Бірақ ақиқатты қайдан көрдіңіздер, тарихтың өзі аңыздардан тұрады емес пе? Бір оқиғалар, бір тұлғалар сияқты әділетсіз көтермеленді, басқалар қасақана кемсітілді. Неге?


Әрдайым саяси конъюнктура болады. Ол өтпелі болуы мүмкін, бірақ халық өз сеніміне берік болып қала береді, — деп қорытындылады Қозыбаев. 


365info.kz




Көрілген: 1332    Пікірлер: 0

жұма, 22.02.2019, 12:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 22:28
    «МЕНІҢ ЖӘНІБЕГІМ!»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30