Алаш үні

Kazakhstan мен KZ-ден қашан құтыламыз!?

  • https://abai.kz/

    https://abai.kz/

Үкімет отырысында Президентіміз: «Жаңа әліпби бастамасы &ndash бұл күрделі әрі  шетін мәселе екенін ұмытпаған жөн. Жаңа графиканы енгізу бір күнде я болмаса, тіпті, бір жылда іске аса қоятын жұмыс емес. Әйтпесе, асығыстық бүкіл мәдениетімізге және тарихи болмысымызға зиян келтіруі мүмкін. Мәселе &ndash кириллицадан латын әліпбиіне аударуда емес, бұл қазақ тілінің ауқымды реформасы деген сөз. Қаржы мәселесін де ескеруіміз керек. Латын әліпбиін енгізу жұмысы  біртіндеп жүзеге асуы керек. Негізінде, бұл графика  жас ұрпаққа арналған деп айтуға болады. Оның игілігін, ең алдымен, солар көруі керек. Сондықтан, бұл үрдіс жоспарлы түрде, біртіндеп іске асырылуы қажет», &ndash деді.

 

Бірақ өз қолымыздағы қазақ тілінің ауқымды реформасы арқылы бір күнде құтылуға болатын екі бәлелі атау бар. Енді сол жайында сөз қозғайық.

 

Қазір қазақ елін әлемге танытатын інтернет пен мемлекет атауында кезінде саяси алаңғасалық шырмауымен орыс тілінің ықпалымен жазылған және орыс тілді ІТ мамандарының білместігімен 1990 жылдардың басында әлемдік қолданысқа еніп кеткен, көзге шыққан сүйелдей Republic of Kazakhstan деген мемлекеттік атымыз және KZ халықаралық домендік атауымыз бар. Оларды Republic of  Qazaqstan және QZ деп өзгертуге неге әлі күнге дейін мойынымыз жар бермейді. 

 

Енді әліпбиімізді ұлттық әуезеге келтіргеніміз сияқты Republic of  Qazaqstan және QZ-ті халықаралық стандарттап бұрынғы қате жазылып жүрген латынша жазылуды жөнге келтірудің жолын іздестіріп, қанша шығын кететін есептеп шығарып іске бел шеше кірісетін уақыт келген сияқты.

 

Біз келер ұрпаққа тек ұлттық жазуымызды ғана емес, ұлттық тұрпаттағы ел атауында мұраға қалдырамыз ғой?! Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлағалы отырған шақты парламент депутаттары осындай маңызы бар дүниелерді неге көтермейді?! Олар осыны қолға алып іске асырса, ұлтымыз үшін ерек сый болар еді-ау!!! Әлде бұл Republic of  Qazaqstan және QZ халықаралық атаулары қазақ тілінің ауқымды реформасына жатпайтын өгей-қағай балалар ма!?

 

Әбіл-Серік Әлиакбар

 

 

abai.kz




Көрілген: 4438    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.02.2021, 10:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 13:38
    Кремльдегі жайнамаз
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30