Алаш үні

Qazaq Republic: Қазақстанның тарихта қандай атаулары болған

  • Qazaq Republic: Қазақстанның тарихта қандай атаулары болған

    Qazaq Republic: Қазақстанның тарихта қандай атаулары болған

 Күні кеше депутат Азат Перуашев Қазақстан Республикасы атауын «Қазақ Республикасы» деп өзгертуді ұсынды. Осыған орай Tengrinews.kz қазіргі Қазақстанның территориясында тіршілік еткен халықтың осы уақытқа дейін қандай атаулары болғанын еске түсіріп көрді.


Қазіргі Қазақстанның алып жатқан жерінде тіршілік еткен халықтың тарихына қарайтын болсақ, біздің жерімізде мыңдаған жыл бұрын қағанаттар, одақтар, мемлекеттер өмір сүрген. Сәйкесінше моңғол шапқыншылығына дейін біздің жер сол тайпалардың атауымен аталған. Яғни Қазақстанда ерте орта ғасырларда мекен еткен ежелгі мемлекеттер Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлұқ мемлекеті, Қаңғар және Хазар одақтары және Қарахандар, Қарақытайлар, Қыпшақтар деп аталған.


Олар бір-бірімен соғысып, тарих сахнасында бірін-бірі алмастырып отырған. 552 жылдан 1205 жылға дейін Қазақстан қағанат, тайпа және шағын мемлекеттердің атауларымен аталып келген. Ол заманда жеріміздің шекарасы дәл қазіргідей белгіленбеген еді.


Ұлыстармен, ордалармен аталған кезең


Моңғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерлері моңғол империясының иелігінде болды. 1205-1627 жылдар аралығында Шыңғысханның ұрпақтары орталық Азия жерлерін өзара бөліп алған. Айта кетер болсақ, Жошы ұлысы (кейбір деректерде «Алтын орда» деп аталған), Шағатай ұлысы, Орда Ежен ұлысы, Шайбани ұлысы. Яғни қазіргі Қазақстан жерлері ол заманда ұлыстармен аталған. XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерлеріне моңғол шапқыншылығы азая бастады.


Қазақ хандығындағы ел атауы


Қазақ хандығы құрылған кезде елдің ресми атауы «Қазақ хандығы» болды. Яғни оның хандық мемлекеттік құрылымы болды. Қазақ хандығы тұсында елдің атауы үш жүзге қатысты айтылды. Бұл негізінен географиялық бөліністі білдірді. Хандық қазіргі Қазақстан Республикасы мен көршілес аймақтардың жерінде орналасты. Ол кезде еліміздің аумағында орналасқан халық үш жүзге бөлінді. Тарихи деректерге сүйенсек, жер аумағы 2,9 миллион шаршы шақырым. Қазақ хандығында ең алғаш болып сайланған Керей хан. Айта кетейік, осы кезде қазақ жерінде Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Жеті жарғы сияқты заңдар қолданылды.


ҚР Ұлттық ғылыми академияның корреспондент-мүшесі, профессор Берекет Кәрібаев қазақ хандығы туралы айтқанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «ХV ғасырдың ортасында құрылған Қазақ хандығы бүкіл Орталық Азия аумағындағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет болды» деген сөзін еске түсіреді.


«Қазақ хандығы не үшін құрылғанын осы сөздерімен айтып бергендей. Бұл сөздермен елбасымыз қазақ жеріндегі бұрыннан құрылған мемлекеттілік туралы айтып тұр. (…) Ол кезде «қазақ» деген сөз тек сипат ретінде қолданылса, қазіргі уақытта тұтас бір мемлекетте өмір сүретін негізгі этносқа қойылған атау. Айта кетейін көршілес жатқан мемлекеттерде мемлекеттілік болғаны рас, оны мойындаймыз. Бірақ олардың ұлттық мемлекеттері кейін пайда болды. Ал біздің ұлттық мемлекетіміз Қазақ хандығынан бас алып келе жатыр», – дейді тарихшы.


Ресей империясы құрамында ел қалай аталды?


XIX ғасыр – Ресей империясы күшейіп, көршілес жерлерді өз қолына алған кез. Осы уақытта Еділ мен Жайықтың орталығында өмір сүрген ел Бөкей ордасы деп аталды. Тарихи деректерде Бөкей ордасында 300 мыңдай адам тұрған деп жазылған. Бөкей ордасы деп аталған себебі осы орданың бірінші ханы Әбілхайыр ханның немересі Бөкей Нұралыұлының құрметіне қойылған. Тарихи деректерде ол 1801 жылы Ресей өкіметінен рұқсат алып, кіші жүз қазақтарының бір бөлігін Бөкей ордасына қоныстандырған. Хандық кезінде ол өз ордасы деп Каспий жағалауында орналасқан Дамбай деген жерді жариялаған. Бөкей ханның баласы Жәңгір осы орданың соңғы ханы. Ол 1823-1845 жыл аралығында осы елді басқарған.


Өткен ғасырдағы ел атаулары


Алаш автономиясы – 1917-1920 жылдар аралығында бүгінгі Қазақстан жерінде мекендеген қазақ-қырғыз мемлекеті. Тарихи мәліметтер бойынша, алаш атауының өзіндік себебі бар. Алаш сөзі «қазақ» деген мағынаны білдіреді. 1917 жылдың желтоқсан айында Орынбор қаласында өткен жиында Алаш үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланған. Ол кезде осы Алаш ордасында жерлерді, яғни Бөкей ордасының жері, Семей, Ақмола, Жетісу, Самарқан және Сырдария облыстарын және тағы іргелес жатқан жерлерді Алаш автономиясы деп жариялау туралы қаулы қабылдаған. Осы жерде орналасқан жерасты және жерүсті байлығының барлығы Алаш мүлкі деп саналды. Алаш автономиясының үкімет мүшелері қазақтың ақындары, жазушылары және ұлтқа белгілі қоғам қайраткерлері болды. Олардың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Мұхаметжан Тынышбаев, Мұстафа Шоқай сынды тұлғалар болды.


Алаштанушы Мәмбет Қойгелді Алаш автономиясы деп аталу себебін және не үшін құрылғанын айтып берді.


«Большевиктердің билікке келгеннен кейін депуттар кеңесінде біздің алаш ұрандарымыз жиналыс өткізіп ұлттық мүдде жайлы сөз қозғады. Міржақып Дулатов қазақ газетінде ресей үкіметіні саяси мүддесі біздің ұлттық мүддемізге сай келмейтінін айтқан. Орынборда болған жалпықазақ сьезінде Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов бастаған тұлғалар жаңа құрылған автономияға алаш атауын беруге ұсынған. Жалпы алащ сөзі қазақ сөзіне сайма-сай», – дейді тарихшы.


Автономияның басты мақсаттары сол кезде Ресейде билікке ұмтылған большевиктерге қарсы тұру болды. Себебі Алаш азаматтары большевиктерді бостандықтың жауы деп санады. Сондықтан олар қазақ-қырғыз мемлекетінде орналасқан шашыраған жерлерді біріктіріп, оларға төтеп бере алатын күш жасақтағысы келді.


64 күн өмір сүрген – Түркістан мұхтарияты


Өзін тәуелсіз автономиялы мемлекет ретінде жариялаған Түркістан автономиясы (Түркістен мұхтарияты деп те аталады) 1917-1918 жылдар аралығында 64 күн өмір сүрген. Автономияның тағы бір атауы – Қоқан автономиясы. Түркістан автономиясы да Алаш автономиясы сияқты билікке келген большевиктерге қарсы тұру мақсатында пайда болды. Кеңестік билік 14 мүшесі бар адамдардан тұратын комиссия құрылғанын және олар Түркістан автономиясын өз билігінің астына алатынын жариялаған. Түркістан халықтары кеңестік билікке бағынбайтынын және өзінше мемлекет болатынын айтқан.


Бірақ Кеңес үкіметі қарулы күш қолданып, осы бастаманы көтерген бірнеше азаматты тұтқынға алған. Түркістан автономиясына қазіргі Түркістан облысы және Ташкент қалалары кірген. Түркістан автономиясының уақытша үкімет басшысы болып Мұхаметжан Тынышбайұлы сайланған. Айта кететін жайт, Түркістанда құрылған бұл үкіметтің көп мүшесі большевиктерден аяусыз жапа шекті.


1920 жылы Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы құрамында пайда болған автономиялық мемлекет Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы деп аталды. Ол кезде қазақтарды қырғыз, қырғыз-қайсақ деп атаған екен. Міне сол үшін ол кезеңде қазақ жерлеріне Қырғыз авномиясы атауы берілген екен. Автономияның құрамына Семей облысы, Торғай, Орынбор, Бөкей ордасының жерлері кірген. Орынбор қаласы елдің орталығы деп таңдалды. 1925 жылы ол Қызылорда қаласына көшірілді. Осы кезде Ресей мемлекетінің құрамында қалған Қазақстанның жерлері Қырғыз автономиясына қосылды.


Ал 1925 жылы орталық атқару комитетінің төрағасы Сейітқали Меңдешевтің қаулысымен ел атауы өзгерді. Осылайша, ел Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы деп атала бастады, яғни ел атауындағы «қырғыз» сөзі «қазақ» болып ауыстырылды.


ҚазАКСР-да Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасының құрамында болды. 1927 жылы әкімшілік орталық Қызылордадан Алматы қаласына ауыстырылды.


1936 жылдың 5 желтоқсанында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы деп аталып, КСРО құрамында болды. Елдің астанасы болып Алматы қаласы таңдалды. Кеңестік социалистік республика атанып, елге көп саяси өзгертулер енгізілді. 1937 жылы елдің Конституциясы қабылданды. Осы кезде қазақ халқы үшін тарихи маңызы бар шешімдер қабылданған. Осы жылдары жаңадан заңдар қабылданып, елді мекендерде депутаттар сайлана бастады.


1991 жылдың 16 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Бұл – ғасырлар бойы азаттық күткен халықтың ең үлкен тілегі, қуанышы еді. Ал одан 15 күн бұрын қазақстандықтар тұңғыш рет бүкілхалықтық сайлауда ел президенті деп Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. 10 желтоқсандағы ұлықтау салтанатынан кейін президент Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заңға қол қойды.


Tengrinews.kz




Көрілген: 843    Пікірлер: 0

сенбі, 26.01.2019, 10:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31