Алаш үні

Total басшысы мұнай нарығы үшін басты қатерді айтты

  • Total басшысы мұнай нарығы үшін басты қатерді айтты

    Total басшысы мұнай нарығы үшін басты қатерді айтты

Таяу Шығыстағы жағдай мұнай нарығы үшін басты қатер болып отыр. Бұл жайында француздық Total мұнайгаз компаниясының бас директоры Патрик Пуянне айтты, деп хабарлады Вести.Экономика. порталы.


«Бұл тек Сауд Аравиясы ғана емес, БАӘ және Кувейттегі үлкен өндіріс аумақтары. Сонымен қоса Ирак пен Иран да бар», - деді Пуянне Дауоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда.


«Соңғы кездегі Сауд Арабиясы мен Иран сияқты екі үлкен одақ төңірегіндегі жағдайлар көптеген адамды алаңдатып отыр», - деді Total басшысы.


Сонымен қатар ол, сұраныс пен ұсыныс факторын да ескеру қажеттігін айтты.


«Иә, сұраныс жоғары, дегенімен америкалық мұнайдың көптеп өндірілуінен ұсыныс та өсіп отыр», - деді ол.


АҚШ-тың кен өндірісін арттыруы, сондай-ақ жаһандық экономикалық өсімнің баяулауы отынға деген сұранысты әлсіретіп, мұнай бағаларына қысым келтіруде екен.


Total басшысының айтуынша, мұнайға деген сұраныс бұрынғыдай жоғары. Алайда АҚШ-тың Қытай импортына салған бажсалықтары мұнайға деген сұранысы жоғары Қытай мен өзге де дамушы елдердің экономикалық өсіміне шығын әкеледі. Бұл тарапта мұнай нарығына да кері әсер етуі мүмкін.


«Сондықтан қазіргі нарықты сипаттауда «құбылмалық» сөзін ғана айта аламын», - дейді ол.


Сондай-ақ, Венесуэладағы саяи жағдай да мұнай нарығына қатысушыларды алаңдататыны айтылды. Пуянне Total компаниясы Венесуэлада 25 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келе жатқандарын айтып өтті.


«Біз әлі онда жұмыс істеп жатырмыз. Венесуэлада болып жатқан оқиға халық үшін жақсы болар, дегенімен жағдай оңай емес. Шынымды айтсам, соңғы екі-үш жылдағы менің басты уайымым ондағы қызметкерлердің қауіпсіздігі болып отыр. Сонымен қатар су мен электр қуаты болмай қалмаса екен деп алаңдаулымын», - деді мұнай компаниясының директоры.


BAQ.KZ.




Көрілген: 875    Пікірлер: 0

жұма, 25.01.2019, 19:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 22:28
    «МЕНІҢ ЖӘНІБЕГІМ!»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30