Абай жерінде Көкбай ақынға ескерткіш қойылды

11 қыркүйек 2021, 22:31

Абай Құнанбайұлының ақын шәкірттерінің бірі, белгілі ақын Көкбай Жанатайұлына ескерткіш қойылды. Бұл туралы Абай академиясы ғылыми-зерттеу институтының директоры Жандос Әубәкір жазды.

 

ШҚО Көкбай ауылында Абайдың дарынды ақын шәкірті, артына мол әдеби мұра қалдырған, ел ортасында медресе ашып, ұстаздық қылып білім нұрын шашқан, мешіт ашып имандылыққа үндеген қажы, молда Көкбай Жанатайұлының 160 жылдығы атап өтілді.

 

Мерейтой аясында Көкбайға деген елдің ыстық құрметінің нәтижесі болып ақынның еңселі ескерткіші бой көтерді.

 

Ескерткіш авторы - Нұрбол Қалиев.

 

 

Сонымен қатар, Көкбай Жанатайұлының 160 жылдық мерейтойы аясында ғылыми-практикалық конференция өтіп, Жандос Әубәкірдің құрастыруымен Көкбай ақынның жинағы жарық көріп, тұсаукесері жасалды.

 

 

 

BAQ.KZ