Алаш үні

Абай мерейтойына арналған шаралар қай кезде басталады

  • Абай мерейтойына арналған шаралар қай кезде басталады

    Абай мерейтойына арналған шаралар қай кезде басталады

Тамыз, қыркүйек айында өтетін мерекелік шараларға президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның бас директоры Одри Азулай келеді деп жоспарланған

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мерекелік шаралар үш айдан кейін басталады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Абайдың мұрайжай үйінде және Жидебайдағы Абай-Шәкәрім мемориалды кешенінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар атқарылып жатыр. Абайдың "Жидебай-Бөрілі" музей қорығын толыққанды ғылыми-зерттеу орталығы етіп қайта құру тұжырымдамасы әзірленді.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы 18 нысанда тиісті жұмыс жүргізілуде. Абай шығармашылығын насихаттау мақсатында елде және шетелде оның еңбектері әлеменің 8 шет тіліне аударылып, басылып шығарылды. Прагада Абайдың мәдени-ақпараттық орталығы ашылған.

"Негізгі мерейтойлық шараларды қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысында өткізу жоспарланып отыр. Ал қазан айында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде Абай мерейтойының халықаралық тұсаукесері өтеді", - деді Райымқұлова бүгін онлайн режимде өткен есеп беру кездесуінде.


Министр ұлы Абайдың туған күні 10 тамызда екенін еске салды. Осыған орай, негізгі мерекелік шаралар тамыз бен қыркүйек айына ауыстырылды.

"Мысалы, қыркүйек айында Семей қаласында ғылыми-танымдық конференция өтеді. Абай музейі мен "Жидебай-Бөрілі" қорық-музейінде реставрациялық жұмыстардан кейін жоғары деңгейде ашылу салтанаты ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Қарауылда мәдени-ғылыми іс-шаралар болады. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысып, ЮНЕСКО-ның бас директоры Одри Азулай келеді деп жоспарланып отыр", - деді Райымқұлова.

Министр биылғы ұйымдастырылатын маңызды іс-шаралар барысында ысырапшылдық пен науқаншылдыққа жол берілмейтінін ерекше атап өтті. Жыл соңына дейін Абай Құнанбайұлы туралы жаңа деректі фильм шығарылады. Биыл пандемияға қарамастан, сценарийлер конкурсы ұйымдастырылды.

"Бірнеше сценарий ұсынылған болатын. Абайдың қара сөздеріне негізделген деректі фильмнің жобасы қолдау тапты. Одан жақсы кино шығады деп сенеміз. Фильм жылдың екінші жартысында шығады", - деп атап көрсетті Райымқұлова.

 

Айта кетейік, жыл басында Абайдың мерейтойы аясында үш деректі фильм және бір қысқаметражды кино түсіріледі деген жоспар болған. Сериал түсіруге қатысты ұсыныстар да жасалды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға республикалық бюджеттен 3,2 миллиард теңге бөлінеді деген. Артынан пандемияға байланысты осы сома 2,36 миллиард теңгеге дейін қысқартылды.




Көрілген: 865    Пікірлер: 0

жұма, 05.06.2020, 23:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан
    8 Маусым, 14:21
    Абай және Мұстафин

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30