Алаш үні

Абайдың 176 жылдығы: бүгін ұлы ақынның туған күні аталып өтеді

  • Абайдың 176 жылдығы: бүгін ұлы ақынның туған күні аталып өтеді

    Абайдың 176 жылдығы: бүгін ұлы ақынның туған күні аталып өтеді

Мәдениет және спорт министрлігі биыл Абайдың туған күніне арналған іс-шаралар тек жергілікті деңгейде ұйымдастырылатынын атап өтті
Бүгін Қазақстанда Абай күні мерекеленеді. Бұл дата 2020 жылы үкімет қаулысымен Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ресми түрде енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

10 тамыз – Абай Құнанбайұлының туған күні. Биыл хәкімнің туғанына 176 жыл болды.

Абай Құнанбайұлының өмірбаяны

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысында Шыңғыстауда туған. Абайдың арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады.

Бала Абай әжесі Зеренің таусылмайтын аңыз-ертегілері мен сөзге шебер анасы Ұлжанның тәрбиесін көріп өскен. Әуелі Абай әкесі өз туыстарының балаларын окытамын деп "Ескітам" деген қоныста салдыртқан медреседе сауат ашты. Одан кейін ауылдағы Ғабитхан молдадан білім алды. Ал 10 жасқа толғанда Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқыды. Сол жерде араб, парсы тілдерін меңгеріп шыққан. Осы үш жылда алған білім Абайға өмірлік азық болды.

Осылайша ауылға әкесінің шақыруымен оралған Абай 13 жасынан бастап ел басқару ісіне араласты.

Абайдың шығармашылығы

Абай алғашқы өлеңін 10 жасында жазған. Ол қазақ өлеңіне шалыс ұйқас, ерікті ұйқасты енгізіп қана қоймай, "Қансонарда", "Сегіз аяқ", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" секілді мазмұны мәнін жоғалтпайтын өлең жазды.

Сондай-ақ Александр Пушкиннің "Евгений Онегин" шығармасынан "Татьянаның хатын" және "Ленскийдің сөзін", Михаил Лермонтовтың "Ой", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы" және тағы басқа өлеңдерін казақ тілінде сөйлетті.

Абайдың артында 176 өлеңі, 3 поэмасы, 45 ғақлия сөзі қалды.


Абайдың 175 жылдығы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Соған байланысты жыл көлемінде Абай мұрасы насихатталып, "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Былтыр 9 жасар Ләйлім-Шырақ есімді оқушы Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдады.


Мемлекет басшысы Ләйлім-Шырақтың бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатқа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді.


Әрі қарай бұл бастама қазақстандықтар мен шетелдіктер тарапынан қолдау тапты.

Абай жылында не іске асты?

Былтыр Еуразия ұлттық университетінде "Абай академиясы" ғылыми-зерттеу институты құрылды, ТҮРКСОЙ ұйымы 2020 жылды "Абай жылы" деп бекітті.

Абай шығармаларының толық жинағы француз, ағылшын, орыс, араб, испан, қытай және түрік, жапон, неміс, италиян тіліне аударылып, 3 000 данадан астам таралыммен жарық көрді. Кітаптар әлем кітапханаларына таратылды.

Қазақстанның Сингапур, Болгария, Мысыр, Пәкістан, Венгрия, Иран, Эфиопия және Италиядағы елшіліктерінде Абай орталығы ашылды.

Абайға арналған мемориалдық тақта Түркия және Румынияда ашылды, ал Тбилисиде орталық көшелердің біріне Абай есімі берілді.

2020 жылы Қазақстанда бір әуежайға, 6 мектепке, 3 даңғыл мен 10 көшеге Абай аты берілді. Ел бойынша 7 ескерткіш пен 2 бюст орнатылды.

Сондай-ақ мерейтой аясында Қазақстан президентінің 24 наурыздағы жарлығымен әдебиет пен өнер саласындағы Абай Құнанбаев атындағы Мемлекеттік сыйлық тағайындалды.

Мәдениет және спорт министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл Абайдың туған күніне орай іс-шаралар тек жергілікті деңгейде өтеді.




Көрілген: 1533    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.08.2021, 09:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 19:29
    Тұран Одағын құру керек!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31